Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Кешегі өткен ер Әбіш

 Кешегі өткен ер Әбіш

Елден бір асқан ерек-ті.

Жүрегі- жылы, бойы- құрыш,

Туысы жаннан бөлек-ті.

Өнері оның жұрт асқан,

Ғылымға көңілі зерек-ті.

Аямаған ғаріптен

Қолдан келген көмекті.

Кісіге сідет[1]
жүктетпей,

Еңбекпен тапқан қоректі.

Біреудің қылған қарызын

Айтқызбай артық төлепті.

Боямасыз ақ көңіл,

Кірлетпей кетті жүректі.

Ойламаған елімнен

Жасқанамын демек-ті.

Тағдырға тәбділ[2]
бола ма,

Сабырлық қылсақ керек-ті.



[1] Міндет

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники