Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

ӘБДІРАХМАНҒА

Алланың рахматын

Жар тұтып әр неге.

Әр-Рахман[1] ол атын

Үйреткен жүмлеге[2].

 

Дұғаның қуатын

Жіберме өңгеге.

Әбіштің сыйххатын

Беркітсең кеудеге.

 

Рәушан сипатын

Тез көрсет пендеге.

Осындай шапқатын

Ұмытам мен неге?

 

Зархатым — бұл хатым.

Бізді тыныш жүр деме.

Азайып қуатым,

Денем жүр көрмеге.

 

Бұл — жазған сұңғатым[3],

Көңіл ашар бір наме[4].

Менің сол рахатым

Көзіме сүрмеге.



[1] Рақымды, мейрімді

[2] Бүкіл, барлық

[3] Өнеркәсіп. Бұл жерде жәй,күй
мағынасында

[4] Хат, кітап

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники