Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Құттықтау

Құрметті Ләйла Жұматайқызы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді мерейлі тойыңызбен  шын жүректен құттықтайды!

Сіз әдебиеттанушы ғалым,  профессор міндетін атқарушы ұлағатты ұстаз ретінде еліміздің ғылым-білім саласының дамуына ұдайы үлкен үлес қосып келесіз.

Сіздің шығармашылық және еңбек жолыңыздың бәрі ҚазҰУ-дың атымен байланысты. 1993 жылы ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітіріп, аспирантурасын тәмамдап, 1996 жылы «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасынан бастаған еңбек жолыңыз іргелі ғылыми-ізденушілік пен тәлімді тәжірибеге толы.

Қазақ әдебиеттануы, тіл ғылымы, аударма, абайтану ғылымдарына  қосқан еңбектеріңіз — жас ғалымдар мен шәкірттеріңізге үлкен үлгі-өнеге.  Ұстаздық жолыңызда талай шәкірт тәрбиелеп, оларды біліммен сусындату Сіздің өмірдегі ең сүйікті ісіңізге айналды.  Сіздің  жетекшілігіңізбен докторлық, кандидаттық,  магистрлік диссертациялар қорғалды және қорғалуда. Әдебиеттану, аударма саласы, абайтану мәселесінде  көптеген ғылыми-әдістемелік зерттеулер, ғылыми жинақтар мен оқу құралдарын жариялап, білім мен ғылым саласына орасан үлес қосып келесіз. Әдебиетті сүйетін жас әдебиетшілердің басын қосып, «Көкжиек» клубының жұмысына жетекшілік етуіңізді ерекше атап өтеміз. Абай ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер ретінде «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының дайындалуы мен жарық көруіне ерен еңбек сіңіріп келесіз.

Құрметті Ләйла Жұматайқызы! Даналық пен кемелдікке бастайтын осынау мерейлі шағыңызда Сізге, отбасыңызға, туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, құт-береке тілейміз,  ұлт болашағы жолындағы қажырлы еңбегіңіздің игілігін көріп, құрмет пен абыройға бөлене беріңіз!

Абай ғылыми-зерттеу институтының ұжымы

15.09.2020

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники