Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

«Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары жалғасуда

«Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары жалғасуда

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектептер мен гимназиялар мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары онлайн формада өтті.

Семинарға республиканың түкпір-түкпірінен орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті және  абайтану пәндерінің мұғалімдері қатысты. Тыңдаушыларға филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ләйла Мұсалы дәріс оқыды және Абай ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкерлері, жас абайтанушылар Абай шығармашылығы бойынша өз зерттеулері бойынша презентация ұсынды. Абай ҒЗИ-дің вебсайтының құрылымы таныстырылып, қатысушыларға абайтану бойынша қосымша ақпараттық-танымдық материалдардың электронды нұсқалары берілді. Абай ҒЗИ құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» жинақтарының қысқаша мазмұны хабарланды. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша  абайтану пәнін оқытудың кейбір әдістемелік мәселелері ұстаздармен бірге талқыланды. Сондай-ақ, Абай ҒЗИ сайтындағы жаңалықтар, электронды кітапхана, Абай өлеңдеріне бойынша аудио-видеожазбалар көрсетілді.  

Семинар барысындағы мұғалімдер арасынан Әлімтай Мырзағалиев, Ақкүрең Бақыт, Алмагүл Шынарбекова, Ақмаржан Бақытова, Жанар Таугудретова, Алмагүл Залгаринова,  Алтынай Алдабергенова, Шолпан Адамкулова, Гүлдана Эшанкулова, Лена Тұңғышбаева тағы басқалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жүргізген сабақтары бойынша әдістемелік кеңестерін айтып отырды. Тыңдаушылардың семинар бағдарламасы бойынша дайындаған әдістемелік зерттеу жұмыстары мақала түрінде Абай институтының вебсайтында http:// abai.kaznu.kz  жарияланатын болады.

Үш күнге созылған шараның соңында тыңдаушыларға «Абайтану» оқу-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы арнайы сертификат берілді. Жалпы алғанда, семинар өз мақсатына жетіп, абайтану бойынша ғылыми-әдістемелік тұрғыда көптеген материалдар қамтылды.

Л.Мұсалы, Б.Даутова

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники