Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Жақсылық ұзақ тұрмайды

Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды.

Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды.

Қос тепкіні салсаң да,

Уайымнан озбайды.

Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды.

Жер қорығыш желгек шал

Желіп жүріп боздайды.

 

Құрсаған бұлт ашылмай,

Аспанның жүзі көгермес.

Үрпейген жүрек басылмай,

Талапты көңіл елермес.

Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес.

Шыдасаң есті қашырмай.

Құлдатып, қор қып жібермес.

Кез келсе қайғы қат-қабат,

Қаңғыртпай қоймас адамды.

Қасиетсіз туған — ол да жат,

Күңкілдеп берер сазаңды.

Бәрінен де сол қымбат,

Қайтерсің өңкей наданды.

Сыпыра батыр сұм құрбәт[1]

Мақтанмен алды мазамды.



[1] Жақын, туысқан, көрші. – бұл жерде
ағайын, жаман көрші мағынасында

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники