Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін.

Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды,

Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн.

 

Ол, дәурен өмір емес, бір көрген түс,

Ойға тойма, қызықты қиялдан күс[1].

Қарашы, өз бойыңа түгел ме екен

Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?

 

Төңкеріліп құбылған, жұрт – бір сағым,

Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын.

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,

Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники