Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз!

Филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ СЕЙТЖАНОВ  —  80 ЖАСТА

Қымбатты ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ!

Әл-Фараби атындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұжымы атынан Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ұстаздық еткен жалықпас» демекші, сонау 1965 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен бастап Сіз ұстаздық, ғалымдық қызметпен үздіксіз айналысып келесіз. Өткен ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда Аякөз ауданы Таскескен селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастаған еңбек жолыңыз көптеген игі істер мен өнегеге толы.

1975-1991 жылдар аралығында Сіз Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми және аға ғылыми қызметкер болып жұмыс атқардыңыз. 1992 жылдан бастап әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде шәкірттерге дәріс оқып,  әдебиеттану, фольклортану әлемінің қыр-сырын үйретіп келесіз. Сіздің «Қазақтың реальды-тарихи эпосы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертацияңыз, Қытайдағы қазақ әдебиетінің тууы, даму жолдары» атты докторлық диссертацияңыз, «Тарихи эпос» атты монографияңыз, «Ақыт ақын», «Көне эпос»,  «Халық әдебиеті» атты оқу құралдарыңыз әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес болып қосылды. Сіз «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» екі томдық зерттеу еңбек авторларының бірі ретінде қазақ әдебиеті тарихын жүйелеу ісіне де атсалыстыңыз, аударма саласында да еңбектеніп,  Халифа Алтайдың «Ата жұрттан Анадолыға дейін» (1995) атты хикаятын түрік тілінен қазақшаладыңыз. Сіздің  «Рауан», «Жанарымда жарық күн», «Жансарай» т.б. өлең жинақтарыңыз поэзия сүйер оқырманға жан азығын сыйлайды.

Қадірлі ЗҰФАР НҰРСАПАҰЛЫ! Сегіз белестен асқан мерейлі шағыңызда Сізге қажымас қайрат, ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тілейміз.  Болашақ жастарға үлгі болар осындай өнегелі өмір жолыңыз жалғаса берсін, қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеуіне әлі де үлес қоса беріңіз.

 Құрметпен, Абай ғылыми-зерттеу институты

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники