Құрметті оқырман!!!
«Абайтану антологиясы» – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дайындап, көпшілікке ұсынып отырған аса зор рухани құндылық.
Антологияның жетінші томына М. Мырзахметұлы «Абай: Толық адам ілімі» және Р. Сыздықованың «Aбaй шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы» атты монографиялық еңбектері енді.
Антология орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары колледжде, жоғары мектепте білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекет қызметшілеріне, сондай-ақ қалың көпшілікке арналған.
Антология елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.
Антология AP08855683 «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» жобасы аясында дайындалып, жарияланған.