«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференция
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 2021 жылдың 10 тамызында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты екінші республикалық ғылыми онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға қазақстандық әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері шақырылады.
Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:
— Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;
— Абайдың шығармашылық мұрасының ерекшелігі;
— Абайдың ілімінің негізгі ұстанымдарын саралау;
— Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы;
Конференция 2021 жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.
Байланыс телефондары:
8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы);
8747 896 74 79 (Бибігүл Дәулетқызы);
8777 212 20 83 (Гүлдана Қуатқызы);
Материалдар 2021 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет: Abaigzikonf@mail.ru. Конференция материалдарын электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа Халықаралық стандарттық номер (ISBN) беріледі.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Материалдар электронды нұсқада Abaigzikonf@mail.ru почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word» форматында сақталып, автордың аты-жөнімен аталуы тиіс.
- Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет
- Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында
- Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.
- Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman (кегль 12)
- Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің №, сондай-ақ беттің № тұрады.
- Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді.
- Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.
- Онлайн баяндама 8 минутқа есептелуі керек.
Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.
ҮЛГІ
МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ
Асқаров Ж.М. Қазақстан, Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Аннотация (50-70 сөз) Кіріспе. Негізгі бөлім [1, 1 б.]. Қорытынды. Әдебиеттер.
ӘДЕБИЕТТЕР (үлгі): 1. Автор. Атауы. Басылым орны. Шығарылған жылы, беті.
Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, E-mail) |