Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Абай ҒЗИ: «АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ»

Қымбатты зиялы қауым, құрметті көпшілік!!

Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ҒЗИ Сіздердің
назарларыңызға «АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІН»
құрметпен ұсынады!!!!!!

«АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалып, ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде бекітілген.

Кісілік кодексіне данышпан ойшылдың өз халқын кісілікке үндейтін, үндеп қана қоймай, нақты жолдарын нұсқайтын 18 сөзі енген. Абай Құнанбайұлының даналық сөздерінен, өлең жолдарынан таңдалып,  іріктелген тұжырымды да тағылымды қағидалардың әрқайсысы маңызды да өзекті. «КІСІЛІК КОДЕКСІНДЕГІ» әр сөз әр қазақ баласының, әр саналы кісінің ой жүйесінде орнығып, күнделікті өмірінде басшылыққа алатын қағидасына айналуы тиіс деп санаймыз.

Алдағы уақытта Абай ҒЗИ аталмыш «КІСІЛІК КОДЕКСІН» әркез оқырманның көзінің алдында тұрып, қолында  жүруге қолайлы болатындай әртүрлі форматта ұсынады.

Тапсырыс беруге ниеттенсеңіз, мына телефондарға хабарласыңыздар.     

Гүлжан 8707 4602876       Бибігүл 8747 896 74 79      

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники