Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  

Кейде есер көңіл құрғырың

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішем деп бейнет сусынын

Асау жүрек алқынар.

 

Тартқан бейнет, өткен жас

Жүректің отын сөндірмес.

Махаббат- mөмір көркі, рас,

Өлген соң ол да үндемес.

 

Махаббатсыз — дүние дос[1],

Хайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар.

 

Жүрегі жұмсақ білген құл

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі — тұл,

Доссыз ауыз тұшымас.

 

 



[1] Дүние дос – бұл арада дүниеқоңыз
мағынасында

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники