Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен   ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың бас әдебиеттанушысы» атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция өтті. Конференция жұмысына отандық белгілі  ғалымдар,  зерттеушілермен қатар  Түркия, Әзірбайжан  секілді бауырлас, түркі тілдес мемлекеттердің ғалымдары қатысты. Конференцияда Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев  кіріспе баяндама жасап, Ахмет Байтұрсынұлының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін айрықша  атай отырып, конференцияға қатысушы ғалымдарды, зерттеушілерді, магистранттарды мемлекет қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдық мерейтойымен құттықтап, осыған орай ұйымдастырылып отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі. Бауырлас қазақ еліне деген ыстық ықыласын қашықтықтан білдірген Баку славян университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Низами Мамедов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық қызметіне, шығармашылығына  қатысты сүбелі  ойларымен бөлісті. Сөзінің соңында  Низами Мамедов Алаш қайраткерлеріне, М.О. Әуезов шығармашылығына арналып жарыққа шыққан зерттеу еңбектері және «Қобыланды батыр» жырының қазақ тіліндегі нұсқасын әзірбайжан тіліне тәржімалаған еңбегін конференцияға қатысушылардың назарына ұсынды. Сондай-ақ конференцияға Түркиядағы Памуккале университеті, қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі Нергиз Бирай  «Ана тілін білу, болмыс және Ахмет Байтұрсынұлы» атты баяндамасымен қатысты.
Конференцияда белгілі ғалымдарымыз, атап айтқанда,  Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Бауыржан Жақып, Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы, Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғали, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мүбәрәк Үмбетаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Раушан  Мәмиқызы Әбдіқұлова мазмұнды  да өзекті баяндамалар жасады.

 

 

 

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники