Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Көзінен басқа ойы жоқ

Көзінен басқа ойы жоқ

Адамның надан әуресі.

Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,

Жайқаң-қайқаң әрнесі.

 

Білмейсің десе, желөкпе

Дейді ол-дағы — тәңірі ісі.

Бірінен бірі бөлек пе

Иемнің әділ бендесі?

 

Жүректің көзі ашылса,

Хақтықтың[1] түсер сәулесі,

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет[2] кеудесі.

 

Наданның көңлін басып тұр

Қараңғылық пердесі.

Ақылдан бойы қашық тұр,

Ойында бір-ақ шаруасы.

 

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағардай боп сәлдесі.

Мал құмар көңлі — бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі?

 

Жүректе айна жоқ болса,

Сөз болмайды өңгесі.

Тыңдағыш қанша көп болса,

Сөз ұғарлық кем кісі.

 



[1] Шындық, растық (арапша)

[2] Керемет, сыр, ақыл

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники