Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Қор болды жаным

Қор болды жаным,

Сенсізде менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым;

Тағдыр етсе алла,

Не көрмейді пәндә?

 

Сайрай бер, тілім,

Сарғайған соң бұл дерттен;

Бүгілді белім,

Жар тайған соң әр серттен;

Қамырықты көңіл,

Қайтсе болар жеңіл?

 

Сағындым сені,

Көрмедім деп көп заман;

Адам деп мені,

Салмадың сен хат маған;

Жай таба алмай жүрек,

Жасыған соң сүйек.

 

Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,

Ол — қылған дәрім

Ғашығымның жанына;

Оңалдырып ойды,

Түзетпей ме бойды?

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники