Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҚЫЗ СӨЗІ

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң, не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ, өзің біл,

Әлденеге бастайсыз.

 

Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтіп басты шайқаймыз?

 

Ақылыңа сөзің сай,

Сіз — жалын шоқ, біз — бір май.

Ыстық сөзің кірді ішке,

Май тұра ма шыжымай.

 

Қабыл көрсең, көңілім жай,

Тастап кетсең, япырмай,

Ит — қор адам болар ма

Бұл жалғанда сорлыңдай?

 

Тілегімді бермесең,

Амалым не, жерлесең?

Үйір қылма бойыңа,

Шыны жақсы көрмесең.

 

Қайғың болар шермен тең,

Қара көңілім жермен тең.

Сенсіз маған жат төсек –

Болар бейне көрмен тең.

 

Сіз — бір сұңқар шаһбаз[1]

Жер жүзінен алған баж[2].

Біздей ғаріп есепсіз

Есігіңде жүр мұқтаж.

 

Көңлің тұрса бізді алып,

Шыныменен қозғалып,

Біз — қырғауыл, сіз – тұйғын

Тояттай бер, кел де алып.

 

Тал жібектей оралып,

Гүл шыбықтай бұралып,

Салмағыңнан жаншылып,

Қалсын құмар бір қанып.

 

Мұны жаздым ойланып,

Ойда бардан толғанып.

Кірсе ішіңе, оқи бер,

Бозбалалар, қолға алып.

 

Мұны оқыса кім танып,

Жүрегіне от жанып.

Сөзді ұғарлық жан тапса,

Айтса жарар ән салып.

 

Өлең жиған тырбанып,

Ән үйренген ырғалып,

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып.

 



[1] Сабаз, ер  (парсыша)

[2] Алым, салық. Бұл жерде тоят деген мағынада (парсыша)

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники