Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Қызарып, сұрланып

Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып,

Өзді-өзі керегі.

 

Екі асық құмарлы,

Бір жолдан қайта алмай,

Жолықса ол зарлы,

Сөз жөндеп айта алмай.

 

Аяңдап ақырын,

Жүрекпен алысып,

Сыбдырын, тықырын,

Көңілмен танысып.

 

Дем алыс ысынып,

Саусағы суынып,

Белгісіз қысылып,

Пішіні құбылып.

 

Иығы тиісіп,

Тұмандап көздері.

Үндемей сүйісіп,

Мас болып өздері.

 

Жанында — жапырақ,

Үстінде — жұлдыз да.

Елбіреп-қалтырап

Жігіт пен ол қызға.

 

Өзге ойдан тыйылып,

Бірімен бірі әуре.

Жүрекке құйылып,

Жан рақат бір сәуле.

 

Жүрегі елжіреп,

Буындар босанып.

Рақатпен әлсіреп,

Көзіне жас алып.

 

Жүйрік тіл, терең ой,

Сол күнде қайда едің?

Ғашыққа мойын қой,

Жеңілдің, жеңілдің!..

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники