Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ӘНШІЛЕР (И.А. Крыловтан)

Көршіні көрші шақырды,

Болды да сыйлап ас бермек.

Қулығын іште жасырды:

Баланың әнін есіттірмек.

Балалар шулап, бақырды,

Ынтасы — даусын білдірмек.

Қонақтың күйін қашырды,

Басты ауыртты көп дүрмек.

Алды-алдына кетеді,

Қосылмайды әндері.

Құлағынан өтеді

Құр айғай салған сәндері.

— Япырмай, көрші-ай, не қылды?

Бас ауырды қаңғырды. —

Құлағын басып жалынды,

Қойғыза көр деп құрғырды.

Тым-ақ даусы күшті екен,

Бекер де емес сенікі.

Сүйтсе де арақ ішпеген

Есті ұлдар ғой менікі.

Есі шықпай мұнан да ішкеп артық,

Қисыны жоқ қышқырған не еткен тантық!

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники