Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз (М.Ю. Лермонтовтан)

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,

Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз.

Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,

Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.

Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,

Жер ұйқтап, көкшіл шықпен бу алғанын.

Менің не мұнша қапа, қысылғаным?

Үміт пе, өкініш пе ойлағаным?

Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,

Өмірге өткен титтей өкінбеймін.

Азаттық пен тыныштық көксегенім,

¥йқтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін.

Өлімнің ұйқысы емес іздегенім,

¥йқы, тыныштық, ұмыту — бер дегенім.

Көкірегімде өмірдің күші тұрып,

Іздеймін дем алысты үзбегенін.

Су сылдырлап, жел гулеп, күн шуактап,

Жылылық пен достықты тұрсын мақтап.

Өнген, өскен жақсы деп емен ағаш,

Теңселіп айтып тұрса ол шайқақтап.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники