Қараңғы түнде тау қалғып (И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан)
Қараңғы түнде тау қалғып,
¥йқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.