Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

КАРҒА МЕН БҮРКІТ (И.А. Крыловтан)

Қой жайылып жаздыкүн

Шыққан екен қияға,

Аспаннан бүркіт құйқылжып,

Сорғалап келіп жыраға,

Бір қозы іліп ап кетті

Құздағы қиын ұяға…

Екпіні күшті ер үшін

Еңбек қылды жем үшін

Ұядағы блаға.

Көрді де мұны бір қарға,

Желікті бір іс бастарға:

«Қозыны да тамақ деп,

Кім ап шықсын тастарға!

Ең семізін ілейін

Қызық кылып ашарға»,—

Деді-дағы, аралап,

Жабысты келіп қошқарға.

Қалшылдап, дірілдеп

Тырнағын салады,

Қанатын қайқайтып,

Әкетпек болады.

Бүркіттей емес екені

Кешікпей-ақ білінді.

Жабағыға тырнағы

Шықпастай боп ілінді.

Жалпылдап, салпылдап,

Қойшыларға көрінді.

Әлін білмес шіркінді

Құдай әбден қарғады.

Қойшылар көріп күлісіп,

Ұстап алды қарғаны.

Құрысын да шіркіннің

Семіз қойды алғаны.

Ұшпасын деп қимаған

Қанат, құйрық қалмады.

Бір жіпті берік бек байлап,

Аяғына жалғады.

Балаларға ойын боп,

Қор болып сүйтіп калғаны.

Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл!

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники