Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ (И.А. Крыловтан)

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын.

Сонда да солар қайда жоқ?

Ептеп айтса, ересін,

Артынан өкінсең де пайда жок,

 

Ірімшікті құдайым

Кез қылды бір күн қарғаға.

Алып ұшып барды да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе,

Ірімшік деген қарны ашқа?

Бір жеп алып, шүкірлік

Қылайын деп аллаға,

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып карап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді,

Ішіне сақтап қулығын,

Ептеп барып барлайды,

Бұлғақтатып құйрығын,

Қарғаның көзін алдайды.

Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлесуге айналды:

«Қарағым, не еткен сұлу ең!» —

Деп таңңырқап таңданды. —

«Не еткен мойын, не еткен көз

Осыдан артық дейсің бе,

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша біткен япырмай,

Мұрныңыз бен жүніңіз!

Періштенің үніндей

Деп ойлаймын үніңіз.

Осы көрікпен, бұл жүнмен,

Әншілігің белгілі,

Ұялмай, қалқам, бір сайра,

Біз де алалық үлгіні.

Құс төресі біздерге

Сіз боларсыз бір күні».

Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Қуанғаннан  бөртініп,

Бір мастық кірді өзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті.

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники