Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Менің сырым, жігіттер, емес оңай (М.Ю. Лермонтовтан)

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның — арым мен бір-ақ құдай.

Жүрегім екеуіне жалбарынар,

Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.

Мен тентек пе, түбінде кім жазалы,

Қайғыны жіберуші өзі сынар.

Надандар былшылдайды, құп алмайды,

Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.

Теңізден таудай толқын соқса-дағы,

Жағадағы жартасты жыға алмайды.

Құдай мыкты жаратқан үлкен жартас,

Былш-былш еткен бет бұрып судан қайтпас.

Бұлытта суық дауыл, жаймен сырлас,

Өзгені жан екен деп сырын айтпас.

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники