Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Онлайн жүйесіндегі алғашқы конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы биыл Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа электронды тақтамен және инновациялық технологиямен жабдықталған залда өтті.

Онлайн жүйесінде Тәжікстанмен тікелей байланыс жасалды.Ресей-Тәжік (славян) университеті журналистика тарихы мен теориясы және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. профессор А.Нуралиев- тәжік-қазақ әдеби байланыстары туралы зерттеп жүрген бірден-бір ғалым. Бұл жолы «Тәжік-қазақ әдеби байланысы контексіндегі Шәкәрімнің аудармашылық қызметіне көзқарас» атты баяндамасын жасады. Оқытушылар, студенттер сауалдар қойды. Ресей халықтар достығы университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, полилингвизм және аударма бойынша ғылыми білім беру орталығының директоры, ф.ғ.д. Ұ.М. Бахтикереева аударма әдебиеттері аударманың теориялық және тәжірибелік мәселелері,  оқыту әдістемелері, ұлттық тілдердің қазіргі ахуалы төңірегінде әсерлі әңгімеледі. Ұлданай Мақсұтқызы бір апта аударма ісі бөлімінің оқытушылары, магистранттары мен студенттеріне дәріс оқыды. Ф.ғ.д., профессор Н.Сағындықова М.Ж. Көпеевтің «Шайтанның саудасы» шығармасының қазақ тіліне аударылу жайын сөз етті. Әдебиеттердің байланысы және көркем аударманың кейбір мәселелері туралы Абайтану институтының директоры ф.ғ.д. профессор Ж.Дәдебаев, аудармашы, ғалым, профессор А.Жақсылықов өз пікірлерін жеткізді. М.Мақатаев поэзиясын орыс тіліне аударып жүрген Ж.Баймұхамедов орыс-қазақ тіліндегі аудармаларынан бөлек, неміс әдебиетінен жасаған аудармаларын оқыды. Конференцияны аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Ә.Тарақ қорытындылап, қонақтар мен қатысушыларға алғыс айтты.

Конференция жұмысы одан әрі дөңгелек үстелдегі тартысты да танымды ой-пікір бөлісумен ұласты. Онда Ұ.Бахтикереева, Ж.Баймұхамедов, А.Жақсылықов аударматану ғылымының сан-салалы бағыттары және аударманың қазіргі ахуалы туралы докторант, магистрант, студенттермен өзара ой бөлісті. Конференцияда жасалған баяндамалар мен мақалалар «Қазақ университеті» баспасынан жеке кітап болып шығарылады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

кафедра меңгерушісінің орынбасары,

ф.ғ.к., доцент Е.Кәрібозов

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники