Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Конференцияда абайтану ғылымының өзекті мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланды. Конференцияны профессор Ә.Тарақов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Профессор Ж.Дәдебаев конференцияға қатысушыларды Абай институтының вебсайтының мазмұнымен таныстырды. Вебсайтқа жайғастырылған Абай шығармалары мен абайтану саласындағы зерттеулердің байлығы мен жүйелілігіне конференцияға қатысушылардың көңілі толды. Профессор Ө.Әбдиманұлы университет ұстаздары мен ғалымдарының абайтану ғылымы бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижелілігіне, жинақталған және Абай институтының ғылыми-ақпараттық журналы мен вебсайтында жарияланған еңбектердің жалпы көлемі мен сапасына жоғары баға берді. Профессор А.Нұралиев (Тәжікстан) онлайн шегінде Абай шығармашылығы және қазақ-тәжік әдеби байланыстары туралы келелі ойлар айтты. Профессор А.Ісімақова Абай институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми және тәжірибелік маңызына, Абай шығармашылығын зерттеудің жаңа деңгейлеріне көңіл бөлді, Абай институты мен қазақ диаспорасы арасындағы байланыстарды нығайтудың мүмкіншіліктері туралы нақты ұсыныстар жасады. Профессор А.Хижазидің (Мысыр) Абайдың араб әлемінде танылуы мен пайымдалуы мәселесі жайында араб тілінде жасаған баяндамасы абайтанудың мәдениетаралық өрісін кеңейтудің жаңа бағыттарына жол сілтеді. Докторант Ы.Палтөре осы мәселенің жаңа қырларын ашып, Абай шығармаларын араб тіліне аударудағы ізденістер мен іркілістер жайына тоқталды. Профессорлар З.Бисенғали, З.Сеитжанов, А.Жақсылықов, Т.Есембеков, Ж.Тілепов және тағы басқа зерттеушілер абайтану мәселелері бойынша өз зерттеулерінің басты нәтижелерін ортаға салды. Конференцияға қатысушылар Абай институтында орындалған ғылыми-зерттеу нәтижелерінің «Абайтану» деген атпен көптомдық сериялық басылым түрінде дайындалғанын гуманитарлық ғылым саласында қол жеткен елеулі жетістік ретінде бағалады.

Ерхан Кәрібозов,

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники