Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

Абай институты 2009 жылы наурыз айында құрылды. Институт үшін филология факультетінен бір аудитория бөлінді. Ол әрі институттың жұмыс орны әрі аудитория ретінде пайдалынылып келеді. Институтқа сол жылы бір компьтер және факс берілді. Институттың қаржылай ресурсының қалыптасуында 2011 жылдан бастап оң өзгеріс болды. Университет ректоры Ғ.М.Мұтанов 2011 жылдың қаңтар айынан бастап институттың айлық жалақы қорын жүз мың теңге көлемінде белгіледі. Қазіргі шақта институтта осы қор шегінде үш штаттық бірлік бар: институттың директоры; жетекші ғылыми қызметкер; кіші ғылыми қызметкер. Ғылыми жобалар саны – 4. Институт жанында мынадай ғылыми-ақпараттық құралдар жұмыс істейді: а) «Абай институтының хабаршысы» журналы (екі айда бір рет шығады); ә) Абай институты веб-сайты. Бірінші аталған ғылыми-ақпараттық құралдың («Абай институтының хабаршысы» журналы) жұмысын институттың штатындағы қызметкерлер жүргізеді. Кейінгі ақпараттық құралдың жұмысын филология факультетінде Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеумен, насихаттаумен айналысатын ғалым-зерттеушілер, оқытушы-профессорлар жүргізеді.

Институттың мақсаты зерттеу, оқыту, насихаттау жолымен білімді сақтау, жасау және тарату бағытындағы ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізу болып бекітілді. Бекітілген мақсатқа сай институт өз міндеттерін мына бағыттар бойынша анықтады:

● ғылым дамуының маңызды бағыттарында жаңа білім жасаудың, жаңа технологияларды игерудің, ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамытудың негізі ретінде іргелі зерттеулерді басымдықпен дамыту;

● Абайдың шығармашылық мұрасын әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану, тарих, педагогика, заң, философия, әлеуметтану, саясаттану ғылымдарының тоғысында зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін жасау;

● тиісті бағыттар бойынша мемлекетаралық және халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысу;

● бастамашылық ғылыми-зерттеулерді үйлестіру және жүргізу, т.б.

 

Институттың мақсаты мен міндеттері негізінде жұмыстың мынадай түрлері таңдалып алынды:

◙ ғылыми-зерттеу, шығармашылық, аудармашылық, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу;

◙ ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін жариялау және оқу үдерісіне енгізу;

◙ ғылыми, әдістемелік және консалтингтік қызмет көрсету;

◙ мәтіндерді филологиялық сараптау және бағалау;

◙ ғылыми еңбектердің тақырыптық жинағын, конференциялар мен симпозиумдар материалдарын шығару;

◙ институттың зияткерлік қызметінің өнімдерін коммерциализациялау, т.б.

 

Есеп беріліп отырған кезеңде институт өз жұмыстарын мынадай төрт ғылыми-зерттеу жобасы бойынша жүргізді:

—  Ұлттық идея және оның қазақ әдебиетінде көне дәуірден бүгінгі күнге дейін көркем бейнеленуі (2009).

—  Абай институтының ғылыми-ақпараттық ресурстарын жасау, маман кадрларын қалыптастыру (2009-2013).

—  Мәдениетаралық байланыстар және әдеби компаративистика (2010-2014)

—  Абай және қазіргі заман (2011-2015)

Бұл жобалардың алғашқысы («Ұлттық идея және оның қазақ әдебиетінде көне дәуірден бүгінгі күнге дейін көркем бейнеленуі») мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. Қалған үш жоба бойынша белгіленген жұмыс  орындаушылардың бастамашылығы негізінде атқарылуда. Енді осы жобалардың әрқайсысы бойынша қол жеткен нәтижелерге назар аударайық.

 

1.«Ұлттық идея және оның қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі аралықта көркем бейнеленуі» (Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеулер 2009) жобасы бойынша әрқайсысы 13 баспа табақ болатын екі монографиялық зерттеу жазылып бітті және 2010 жылы жоба қаржысы есебінен жарыққа шықты: Дәдебаев Ж. Тақырып және идея. Зерттеу. — Алматы: Қазақ университеті, 2010; Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. Зерттеу. — Алматы: «Қазақ университеті», 2010. Зерттеу нәтижелері негізінде бұлардан басқа оннан астам мақалалар жарық көрді, төрт халықаралық конференцияда баяндамалар жасалды, олар конференция материалдары жинақтарында жарияланды.

2Институттың ғылыми-ақпараттық ресурстарын, маман кадрларын қалыптастыру» (2009-2013) жобасы бойынша мынадай нақты нәтижелерге қол жетті:

—  дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциялар (6 конференция) мен республикалық радиоконференциялар өткізу  үрдісі қалыптасты;

—  абайтану ғылымына байырғы ғалымдар тартылды, жас зерттеушілер тобы жасақталды, мамандар қалыптаса бастады;

—  зерттеу нәтижелері бойынша “Абайтану. Абай институтының еңбектері” атты көптомдық (сериялық) басылымның жобасы жасалды (2012-2015).

—  ғылыми-ақпараттық және әдеби журнал ашылды, ISSN Халықаралық орталығында тіркелді, халықаралық номер берілді (ЮНЕСКО, Франция, Париж);

—  ғылыми-ақпараттық және әдеби веб-сайт ашылды, оған Абайдың шығармалары мен ол туралы еңбектер орналастырылды;

 

3.«Мәдениетаралық байланыстар және әдеби компаративистика» жобасы (2010-2014) бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері 2 халықаралық ғылыми конференцияда баяндалды және 3 кітап болып жарық көрді:

  • Ø  Дәдебаев Ж. Көркем аударма және әдеби компаративистика. Оқу құралы.- (Алматы: Қазақ университеті, 2011.-181 бет).
  • Ø  Мәдениетаралық байланыстар және әдеби компаративистика. Монография.- (Бишкек: 2011,-244бет).
  • Ø  Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.- (Алматы: Қазақ университеті,2011.-300 бет).

Жоба Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институтымен ынтымақтастықта жасалды. Жобаға басқа мемлекеттерден де орындаушылар тарту көзделген (Қытай, Түркие, т.б.). Жоба аясында орындалған зерттеу нәтижелерін жылына екі халықаралық ғылыми конференцияда талқылап, сараптан өткізу көзделеді (бірін — Қырғыз Республикасында, екіншісін — Қазақстанда).

 

4Абай және қазіргі заман» (2011-2015) жобасы бойынша орындалған жұмыстардың мазмұны бірыңғай сипатымен ерекшеленеді. Ол ерекшелік орындалған жұмыстардың бәрінің Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты болуында. Бұл ретте Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты орындалған жұмыстардың мынадай басты нәтижелері бар:

ü  Халықаралық ғылыми конференция                                           —  2

ü  Республикалық радиоконференция (40 минуттық)                    — 1               

ü  Абай шығармашылығы туралы зерттеу мақалалар                   — 46                

ü  Абай институтының хабаршысы (жалпы көлемі-

          120 баспа табақ 200-ден астам мақала)                                    — 10 нөмері

ü  Ұжымдық монография (баспаға дайындалды, 15 б.т.),

     журналдық нұсқасы 12,5 б.т. болып жарық көрді                       — 1                                          

ü  Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектердің алфавиттік көрсеткіші (15 б. т.) жасалды және веб-сайтқа салуға дайындалды

ü  Абайдың шығармалары, Абай туралы таңдамалы еңбектер веб-сайтқа салу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалды

Жоба аясында «Абайтану. Абай институтының еңбектері» атты көптомдық серия,  «Абайтану» атты инновациялық оқу пәні дайындалуда.

 

Абай институтының шығармашылық ұжымы институттың интеллектуалдық ресурстарын жасау мен байытудың тиімді жолдарының бірі ретінде тұрақты түрде жұмыс жасайтын республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Соған сәйкес 2012 жылға бірнеше конференция іріктелініп алынды. Олардың ішінде «Ыстықкөл форумы: Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» деген тақырыпта өтетін халықаралық ғылыми конференция Қырғыз Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институтының ұсынысымен жаңадан енгізілді. Қалған конференциялар бұрыннан жұмыс жасап келеді.

 

Ұсынылған көрсеткіштер тек қана Абай институтында және Абай институтының жобалары аясында орындалған жұмыстардың нәтижелерін сипаттайды. Институттың штаттағы қызметкерлерінің, шығармашылық ұжым мүшелерінің басқа мекемелердің ғылыми жобалары шегінде жасаған жұмыстарының нәтижелері бұл жерде көрсетілмеді.

 

Көрсетілген сандық және сапалық көрсеткіштердің негізінде мынадай пікір түюге болады: Абай институты бастамашылық ғылыми жобалар негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізетін шығармашылық ұжымы бар, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялайтын ғылыми-ақпараттық құралы (журналы) бар, өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, Абайдың шығармалары мен ол туралы таңдамалы еңбектерді сақтайтын, көпшілікке ұсынатын, насихаттайтын қуатты ақпараттық құралы — веб-сайты — бар ғылыми-зерттеу орталығы ретінде пайда болды және қалыптасу үстінде. Мұны нақты нәтиже және оның біздің рухани әлемімізде қандай да бір игілікті құндылығы бар деп білсек, оған филология факультетінің оқытушы-профессорларының шығармашылық бастамашылдығы, парасат байлығы арқылы жеткенімізді айту парыз. Мұндай шығармашылық бастама, парасат байлығы нәтижесінде қол жеткен құндылықтан нақты материалдық, қаржылай пайда түспейді, ал рухани тұрғыдан келгенде, оның бағасына жету оңай емес.

 

Алдағы уақытта институт ресурстарын жоғарыда сипатталған бағыттардың әрқайсысы бойынша дамытудың маңызы үлкен. Солардың ішінде мына міндеттерді қалайда іс жүзіне асыру көзделеді:

▪2011-2015 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Абайтану” ғылымы саласында орындалған зерттеулердің коптомдығының І-Х томдарын жариялау:

а) бес томын қазіргі кезеңдегі зерттеулер нәтижелері негізінде

б) бес томын қазіргі кезеңге дейін жасалған жұмыстар негізінде

▪2012 жылы инновациялық “Абайтану” лекциялар курсын қазақ тілінде орыс, ағылшын,

қытай тілдеріндегі аудармаларымен дайындау жұмыстарын аяқтау (3 кредит):

                        а) лекциялар курсының кітабы

                        ә) лекциялар курсының электронды нұсқасы

                        б) лекциялар курсының бейненұсқасы

            ▪2012 жылы Абай институты веб-сайтын жетілдіру саласындағы жұмыстардың бірінші кезеңін толық аяқтау

            ▪2012 жылы институттың халықаралық байланыстарын, шетелдердегі қазақ диаспорасының шығармашылық ұйымдарымен байланысын қалыптастыру

            ▪Институттың қаржы ресурстарының жаңа көздерін табу.

           

 

 

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники