Өлеңдері
ҚАРА ҚАТЫНҒА
Қара қатын дегенге, қара қатын,
Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын.
Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,
Қазақтың не қыласың шарағатын[1]. Читать далее »
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Читать далее »
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң,
Алмасы өкпе болар қол батпаған. Читать далее »
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Читать далее »
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Читать далее »
Қажымас дос
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар. Читать далее »
ҚЫЗДАРҒА
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең,
Ұры-қары көбейіп, к… шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бәкең? Читать далее »
Күшік асырап
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.
КҮЛЕМБАЙҒА
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап. Читать далее »