Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Цифрлық кітапхана

Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов. АБАЙДЫҢ ӨНЕРІ ҺӘМ ҚЫЗМЕТІ

Абай 1845 жылы дүниеге келіп, 60 жыл өмір сүріп, 1904 жылы дүниеден қайтты. Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық-аждаһаны өртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды. Табиғаттың қыңыр жолы кімді билемеген?!

Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақыл көзін шын хақиқатқа ашқызбай, заман тонын кигізіп, 35 жасқа шейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде маңайында жұрттың кір, бұзық мінездері бар қалпымен көзіне айқын суреттелді. Өкінді, өксіді, жиренді… Осы өкініш, өксіктің уыты бойын кернеп, сөзінде азалы, кекті, улы көп әсер, көп із қалдырды. Толығырақ »

Сара КҮЗЕМБАЕВА. АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

XIX ғасырдың екінші жартысында ұлтымыздың рухани қазынасына шексіз дария болып қосылған Абайдың философиялық даналық, көсемдік, ақындық және музыкалық мұрасы — халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Қазақтың бас ақыны Абай» музыка өнерінің де бас классик-композиторы ретінде биік тұрғыдан бағаланып, жаңа дәуірдегі жаңа музыка мәдениетін негізін салды. Толығырақ »

Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

І.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ақыл-ойшы ұлы кемеңгері Құнанбайұлы Абайдың туғанына осы жыл август айында жүз жыл толады.
Абай тар заманда «соқтықпалы соқпақсыз жерде», халықтың игілікті ісіне қарсы топпен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға-мәдениет, өнер-білім жолына бастады. Халқының тарихын өзгертіп, жаңғырту жолында қажымай еңбек етті.
Абай қазақ елінің дәл бүгінгідей, ерікті, берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көкседі.

Толығырақ »

Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

І.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ақыл-ойшы ұлы кемеңгері Құнанбайұлы Абайдың туғанына осы жыл август айында жүз жыл толады.
Абай тар заманда «соқтықпалы соқпақсыз жерде», халықтың игілікті ісіне қарсы топпен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға-мәдениет, өнер-білім жолына бастады. Халқының тарихын өзгертіп, жаңғырту жолында қажымай еңбек етті.
Абай қазақ елінің дәл бүгінгідей, ерікті, берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көкседі.

Толығырақ »

Баубек Бұлқышев. АБАЙ ЖӘНЕ ПУШКИН

223617_1497825633_279_Bulkyshev_Baubek

Баубек Бұлқышев

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге…
(А б а й)

Қазақ әдебиетінің іргесін қалаушы, көркем сөздің шебері, ақын Абай — қазақтың көркем әдебиетін жаңа жолға салуда, оны өркендетіп, өсіруде үлкен еңбек сіңірген кісі. Сондықтан да ол өзіне дейінгі ақындарға, өзіне дейінгі әдебиетке, әсіресе қазақтың поэзиясына көз салды. Толығырақ »

Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПУШКИН

500786_1403227602_1186___smagulov_Jumagaly

Жұмағали Ысмағұлов

Абайдың Пушкин мұрасынан тәржімалаған шумақтары туралы бізде айтылған пікірлер аз емес. Әрісі Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлынан, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтан бастап, кейінгі әдебиетшілеріміздің талайы бұл турадағы ойларын ортаға салған. Бірақ туған әдебиетімізге көркем аударма дәстүрін тұңғыш рет енгізіп, соның тамаша үлгісін қалдырып кеткен Абай тағылымы жөнінде, біздегі аударма саласы барған сайын өрістеп, оның тәжірибесі молая түскен сайын, әлі де айтылар сөз аз болмаса керек.

Абайдың Пушкиннен аударғаны көп емес. «Евгений Онегиннен» іріктеп қазақша өлең еткені жеті ғана үзінді. «Онегиннің өлердегі сөзі» деген төрт жарым шумақты (он сегіз тармақ) Абай жанынан қосқан. Бары осы. Толығырақ »

Ақбота Ахметбекова. ИАСАУИ МЕН АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРІ

1

Ақбота Ахметбекова

Абайдың философиялық өлеңдерінің тұғыры қайда дегенде, еріксіз Шығысқа, Шығыс емес-ау, өзіміздің ата-баба мұрамыз Иасауидің қазақ жадында сөзбен нақышталған сұлбасына көз тігерімізді енді білгендейміз. Иасауи өзінің сопылық оқуын танытатын, уағыздайтын, насихаттайтын өлеңдерімен философиялық мәселелердің поэзияға жол салып, жаңа тақырып, тың дәстүр болып, қазақ әдебиеті төрінен орын алды. Философиялық өлеңдер өзінің мақсатына сәйкес танымдық, пайымдық, дидактикалық сарынымен дамуда. Иасауи салған дәстүр Сүлеймен Бақырғанидың діни жырларында, Бұқар жыраудың саяси толғауларында, Шортанбай сияқты ақылдарымыздың тұрмыстық-сын шығармаларында жалғастық тауып келді. Ал осы дәстүрдің лирикада, яғни адамның жан-сезімімен жырлануында ұлы Абайдың өлеңдерінен көрінсе керек. Толығырақ »

Бейсембай Кенжебаев. ҚАЗАҚ РЕАЛИСТІК ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Б-1

Бейсембай Кенжебаев

Өзінің қара сөздерінің бірінде Абай: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді кәдірлеймін деп ойладым», — дейді. Өзінің бай-жуандардан, би-болыстардан жерігенін айта келіп, ол әлгі ойына былай жауап береді: «Енді, әлбетте… момындығынан: «ырыс баққан дау бақпас» деген мақалменен боламын деп, бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момындарды аямасаң, соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым», — дейді.

Абай өз халқының жапа шегіп жатқанын, тұйыққа қамалып отырғанын көргенде: Толығырақ »

Әлкей МАРҒҰЛАН. АБАЙ ҚОЛЖАЗБАСЫ

056e51763d8410d2d4558176e83551ab

Әлкей МАРҒҰЛАН

Абай — әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын. Ақынның жазғандары өзінің бейнелі көркемдігімен сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұны да жүрекке сәуле түсіргендей, жаңа бір қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады. Бірақ кемеңгер ақынның қолжазба мұралары осы күнге дейін терең зерттеліп, бір ғылыми тәртіпке келмеген. Мұның әлпеті ретінде қазір менің алдымда бірнеше хаттар жатыр. Бұларды жолдаушылар — Абайды зерттеуші жас ғалымдар, Абай музейінің қызметкерлері, диссертация қорғауға дайындалып жүрген талапкерлер. Осы хат иелерінің барлығы да Абай мұрасы туралы кеңес сұрап, сыры ашылмай жатқан соны деректер жоқ па екен деп білгісі келеді. Толығырақ »

Су Бихай. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ — АБАЙ

1. АБАЙДЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ

Абай 1845 жылы Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай арғынның тобықты руының рубасы болатын. 1718 жылы Ресей отаршылдары Шыңғыс тауға таяу жерден Семей бекінісін салды. Содан бастап патшалық Ресей Қазақ даласын түбегейлі уысына алу үшін рубасыларын өз жағына тартып, әрі бір-біріне қайрап салып, оның есесіне қыруар шұрайлы жерлерді қымқырып алып отырды.

Абайдың көзін ашып көргені Ресей отаршылдарының қазақтарды рақымсыз езіп-қанауы, оларға қоса рубасыларының озбырлығы, толассыз ру тартысы мен халықтың шектен асқан қараңғы надандығы болды. Толығырақ »