Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Өлеңдері

Болды да партия

Болды да партия,

Ел іші жарылды,

Әуремін мен тыя

Дауың мен шарыңды. Толығырақ »

Бойы бұлғаң

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң —

Кімді көрсем, мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан. Толығырақ »

Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол

Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы — ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол? Толығырақ »

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында,

Хан да жанын қыяды қыз жолында.

Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын,

Күтуші қыз-келіншек жүр соңында. Толығырақ »

Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық

Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық,

Қартаймастай көрмелік, ойланалық.

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,

Дейміз бе еш нәрседен құр қалалық. Толығырақ »

Білімдіден шыққан сөз

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз. Толығырақ »

Білектей арқасында өрген бұрым

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?! Толығырақ »

Баймағамбетке (қатынының атынан шығарылған)


 

Ажының жақсы-ақ қызы едім,

Жетістірем деп алды. Толығырақ »

Байлар жүр жиған малын қорғалатып

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін, онын беріп алар сатып.

Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? Толығырақ »

Бай сейілді

Бай сейілді,

Бір пейілді —

Елде жақсы қалмады.

Елдегі еркек

Босқа селтек

Қағып, елін қармады. Толығырақ »