Өлеңдері
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп. Толығырақ »
Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың. Толығырақ »
ОСПАНҒА
Кешегі Оспан,
Бір бөлек жан,
Үйі — базар, түзі — той.
Ақша, нәрсе
Ала берсе,
Ат та мінсе, көнді ғой. Толығырақ »
ОСПАНҒА
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай, Толығырақ »
Ойға түстім, толғандым
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым. Толығырақ »
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытұрым жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең. Толығырақ »
Не іздейсің
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт. Толығырақ »
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңлінің көзі ашық, сергек үшін. Толығырақ »