Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Өлеңдері

КҮЗ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Толығырақ »

Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да

Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. Толығырақ »

Көлеңке басын ұзартып

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса;

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса; Толығырақ »

КӨКБАЙҒА

Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды да жырлайды,

Ол жыламай қайтіп тұрады, Толығырақ »

КӨКБАЙҒА

Бұралып тұрып,

Буыны құрып,

Қисайта тартып мұрынын. Толығырақ »

Көк тұман — алдыңдағы келер заман

Көк тұман — алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған. Толығырақ »

Көк ала бұлт сөгіліп

Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта. Толығырақ »

Көзінен басқа ойы жоқ

Көзінен басқа ойы жоқ

Адамның надан әуресі.

Сонда да көңлі тым-ақ тоқ,

Жайқаң-қайқаң әрнесі. Толығырақ »

Көзімнің қарасы

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы,

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы. Толығырақ »

КӨЖЕКБАЙҒА

Жамантайдың баласы Көжек деген,

Әркімге өсек тасып безектеген.

Досын келіп досына жамандайды,

Шіркінде ес болсайшы сезед деген.