Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Темірғали Нұртазин. АБАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ЖАСТАР

Т. Нұртазин

«Ғасырлап жасасаң, ғасырлап үйрен!» деген орыс мақалында даналық терең мән бар. Үйренбейтін жан жоқ. Озық жазушылар да, өрен ғалымдар да өмірін тынымсыз үйренуде өткізеді. Өйткені өмір шексіз мұхиттай болса, білгірдің білгірінің бар аңдап парықтағаны  тамшыдай ғана.

Сондықтан жас қалам қайраткерлерінің үлгілі ақын, жазушылардан, алдымен Абайдан үйренуге талпынуы заңды нәрсе.

Үйрену қайткенде жемісті болмақ?

Үйренушінің ұстазынан асып түсуі ықтимал, бірақ ұстазынан аумай ұқсауы мүмкін емес. Заманы басқа Абайды былай қойып, бір тойға қатысқан екі ақын түрлі қуанады. Соған орайлас дәл сол тойға арналған шығармалары да екі түрлі болмақ. Толығырақ »

Төлеген ТӘЖІБАЕВ. Абайдың психологиялық көзқарастары

Т. Тәжібаев

Қазақ халқының XIX-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген данышпан ақыны Абай ол кезде правосыздықта, езушілікте болған, бірақ бостандық сүйгіш, талантты өз халқының аңсаған арманы мен үміт-тілегін жан-тәнімен жырлады.

Абай ұлы ағартушы болды, ол ұлы орыс халқының прогресшіл мәдениетін үлгі етіп ала отырып, өз халқын ағарту ісіне, ғылым мен мәдениетке қажымай-талмай үгіттеді.

Қазақ халқын мәдени-экономикалық және саяси жағынан артта қалған, реакцияшыл мұсылмандық шығысқа бағыттаған панисламистердің, пантуркистердің және басқа әр түсті ұлтшылдардың тілегіне қарсы, ол өз халқын революцияшыл Россияға, оның сол кездің өзінде-ақ ғылымның, искусство мен әдебиет табыстарының теңдесі жоқ үлгісін дүние жүзіне танытып отырған данышпан өкілдері бар озат мәдениетіне бағыттады. Толығырақ »

Ысқақ ДҮЙСЕНБАЕВ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ

Қазақ әдебиетінің классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеудің өзіндік күрделі тарихы бар екендігі баршаға аян. Кемеңгер ақынның шығармаларын кепшілікке тарату ісі тек совет жылдарында ғана мықтап қолға алынды, ал оларды зерттеу, тексеру де ғылыми жолға қойылды. Абайдың үлкенді-кішілі жинақтары үздіксіз бірінен соқ бірі жарық көріп жатты. Мәселен, таңдамалы басылымдары 10 рет, ал толық жинақтары да 10 мәртебе жарияланды. Біз қазақ тілінде басылып шыққандарын ға-на сөз етіп отырмыз. Толығырақ »

Герольд БЕЛЬГЕР. АБАЙ МЕН ГЕТЕ

Г. БЕЛЬГЕР

  

Нұрын, сырын көруге 

 Көкірегінде болсын көз.

Абай

 

Мен өзімді кейде Абайды түсініп-түйсінетін деңгейге жақындап жүргендей сезінемін. Бұл жерде мәселе әлбетте «мен» есімдігінде емес, «түсініп-түйсінетін» деген тіркесте болып отыр. Толығырақ »

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ. АБАЙДЫ ҚАЙТАЛАП ОҚЫҒАНДА

М. ӘЛІМБАЕВ

Қазақтың қазіргі бір әдебиетшісі осыдан он бес-жиырма жылдай бұрын кезекті бір мақаласында Абайтану ғылымының аяғына шықтық, ұлы ақынның үлкен мұрасын зерттеу осымен тамамдалды деген сияқты пікір айтты.

     Меніңше, ешбір әдеби классик те, еліне тұлға болған ақыл-ой иелері де ешуақытта егжей-тегжей зерттеліп тынбайды. Дүниеге толқын-толқын боп келіп жататын дүйім ұрпақтар ондай ұлы тұлғаларынан өз керегін, — рухани тірегін іздейді, сол үшін зерттейді. Олардың кемеңгерлігінің де, тереңдігінің де, адамгершілік асылдығының да ғажаптығы сонда — әр ұрпақ өзі іздегенін табады. Әйтпесе, ол ұлттық ақыл-ойдың басындағы ұлы көсемі де атанбас еді. Өз дәуіріне ғана, немесе үш-төрт буынға ғана ілесе алуға әзер жарағандар классик те атанбас еді. Гәп осында. Ендеше, Шекс­пир, Байрон, Гете, Пушкин, Абайлар… әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы көш басшысы боп алға тарта береді! Толығырақ »

Ахмеди Ысқақов. АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ

 

А. Ысқақов

Қазақтың қоғамдық ой-санасының, ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің, сондай-ақ әдеби тілінің даму тарихында Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың алатын орны да, оған сіңірген еңбегі де орасан зор, қосқан үлесі мен көрсеткен үлгісі де аса мол. Осыған орай халқымыздың қоғамдық өмірі мен ой-пікірінің және рухани тіршілігі мен әдебиетінің тарихын бұрынды-соңды зерттеген, солар жөнінде пікір айтқан қалам қайраткерлеріміздің бір де біреуі Абайдың осы салаларға қосқан үлесіне тоқталмай өткен емес. Абайдың қазақ әдебиеті мен әдеби тілін дамыту жолында қалдырған мұрасы үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап осы уақытқа, дейін үздіксіз зерттелуде. Абайдың әдеби мұрасы қазақ тарихы мен мәдениетінің жалпы мәселелеріне байланысты баспасөз бетін көрген еңбектерде жоғары бағаланып келеді. Ұлы ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, ондағы орны, маңызы туралы, сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамыту жолында тұтынған жаңа бағыты, соны жолы жайында, үлгісі мен өнегесі жөнінде ондаған кітаптар, кітапшалар, мақалалар жарияланып, қазақ әдебиеті мен әдеби тілін байыту, жаңарту жолында сіңірген еңбегі аса зор бағаланады.   Толығырақ »

Рәбиға Сыздықова. АБАЙ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Р. Сыздықова

Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі — ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте, жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай — дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің ірге тасын қалаушы адам. Толығырақ »

Зәки Ахметов. ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕРІ

З. Ахметов

Абай қазақ поэзиясының өлең өрнектерін дамытып, байытуға зор үлес қосты дегенді үнемі айтып жүрміз. Ұлы ақынның осы салада тындырған еңбегінің көлемі, мән-мағынасы шексіз зор екенін жоғарыда келтірілген әр түрлі мысалдардан-ақ көруге болады. Бұл тұста атап айтатын, есте сақтайтын нәрсе – Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда қандай асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем-өрнектерді керек жерінде қырнап, өңдеп, түрлендіріп, мейлінше мол пайдалану жағынан да соншалық зор өнегелі іс атқарды. Ол туралы біз осы еңбектің әр жерінде айтып келдік. Бұл жерде біз қазақ поэзиясына Абай тыңнан қосқан өрнектердің басты-бастыларына тоқталып өтпекпіз. Толығырақ »

Әзілхан Нұршайықов. ШҰҒЫЛАЛЫ ШУМАҚТАР

Ә. Нұршайықов

Ойлап қарасақ, өмірдің балалық, жастық, қарттық шақтарының бәрінде Абай бізбен бірге екен, өлеңдері кеңілімізде, көкейімізде жүреді екен. Бала кезімізде Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін ең алдымен жаттадық. Бұл өлеңді біз мектеп сахнасынан сан рет тақпақ етіп айттық. Мектеп қабырғасында жаттаған осы өлеңнің мына бір шумақтары әлі күнге дейін тілімізге оралады: Толығырақ »

Төкен Әбдірахманов. МӘҢГІ ЖАС МҰРА

Т. Әбдірахманов

1909 жылы қазақ халқының мәдени өмірінде айрықша маңызды бір тарихи оқиға болды. Абай өлеңдері жеке кітап болып басылып шықты. Бұған дейін ұлы ақын шығармаларын біреуден біреу көшіріп алып, көбінесе ел арасына, оның өзінде де бір аймақта ғана ауызша таралып келсе, енді байтақ қазақ сахарасының о шеті мен бұ шетіндегі қалың қауым поэзияның мөлдір бұлағынан емін-еркін сусындауға мүмкіндік туды. Сол тұстағы баспасөз Абай кітабының жарық көруін жарқырап атқан «әдебиет таңына» балауы да кездейсоқ емес-ті.

Кітап «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай оғлының өлеңі» деп аталған. Бір ғажабы — Абай кітабы орыс мәдениетінің орталығы Петербургте басылған еді. Мұқабасында «бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайоғландары» деп жазылғанымен, кітаптың жарық көруіне Кәкітайдың сіңірген еңбегі ерекше болатын. Толығырақ »