Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Басты бет

Ақын жанын жабырқатқан жайлар

Сағат Әшімбаев

Дарынның дарасы

Сағатхан Әшімбаев

Әдеби сын

Тәуелсіздік поэзиясы

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен   ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың бас әдебиеттанушысы» атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция өтті. Конференция жұмысына отандық белгілі  ғалымдар,  зерттеушілермен қатар  Түркия, Әзірбайжан  секілді бауырлас, түркі тілдес мемлекеттердің ғалымдары қатысты. Конференцияда Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Дәдебаев  кіріспе баяндама жасап, Ахмет Байтұрсынұлының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін айрықша  атай отырып, конференцияға қатысушы ғалымдарды, зерттеушілерді, магистранттарды мемлекет қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдық мерейтойымен құттықтап, осыған орай ұйымдастырылып отырған конференция жұмысына сәттілік тіледі. Бауырлас қазақ еліне деген ыстық ықыласын қашықтықтан білдірген Баку славян университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Низами Мамедов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық қызметіне, шығармашылығына  қатысты сүбелі  ойларымен бөлісті. Сөзінің соңында  Низами Мамедов Алаш қайраткерлеріне, М.О. Әуезов шығармашылығына арналып жарыққа шыққан зерттеу еңбектері және «Қобыланды батыр» жырының қазақ тіліндегі нұсқасын әзірбайжан тіліне тәржімалаған еңбегін конференцияға қатысушылардың назарына ұсынды. Сондай-ақ конференцияға Түркиядағы Памуккале университеті, қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі Нергиз Бирай  «Ана тілін білу, болмыс және Ахмет Байтұрсынұлы» атты баяндамасымен қатысты. Толығырақ »

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, алаш әдебиеттануының негізін қалаушы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 жылдық мерейтойы аясында өтетін «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2022 жылдың 31 наурызында 14.00-де Фараби кітапханасының 308 залында басталады.
Конференцияға қазақстандық ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар мен студенттер және БАҚ өкілдері шақырылады.
Байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-30 (ішкі: 1921).
8701 270 18 68 (Ләйла Жұматайқызы).
8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы).

УВАЖАЕМЫЕ КОЛЛЕГИ!

Научно-исследовательский институт Абай при КазНУ им. аль-Фараби приглашает принять участие в международной научно-теоретической конференции «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ БАС ӘДЕБИЕТТАНУШЫСЫ», организованной в рамках 150-летия выдающегося государственного и общественного деятеля, основоположника алашского литературоведения Ахмета Байтурсынулы.
К участию в конференции приглашаются преподаватели вузов, научные работники, докторанты, магистранты, студенты, общественные деятели и представители СМИ. Конференция состоится 31 марта 2022 года в 14:00 в 308 зале библиотеки Фараби.
Контактные телефоны:
8701 270 18 68 (Ләйла Жұматайқызы).
8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы).
8 (727) 377-33-30 (вн: 1921).

Қуанышбек Қаражанов

Бүгінгі ұлық ұстаздардың ұлысы

«АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ» — АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАР ҚАҒИДАЛАР

«АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ» — АДАМГЕРШІЛІККЕ БАСТАР ҚАҒИДАЛАР

Абай ҒЗИ: «АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ»

Қымбатты зиялы қауым, құрметті көпшілік!!

Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ҒЗИ Сіздердің
назарларыңызға «АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІН»
құрметпен ұсынады!!!!!!

«АБАЙДЫҢ КІСІЛІК КОДЕКСІ» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында дайындалып, ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде бекітілген.

Кісілік кодексіне данышпан ойшылдың өз халқын кісілікке үндейтін, үндеп қана қоймай, нақты жолдарын нұсқайтын 18 сөзі енген. Абай Құнанбайұлының даналық сөздерінен, өлең жолдарынан таңдалып,  іріктелген тұжырымды да тағылымды қағидалардың әрқайсысы маңызды да өзекті. «КІСІЛІК КОДЕКСІНДЕГІ» әр сөз әр қазақ баласының, әр саналы кісінің ой жүйесінде орнығып, күнделікті өмірінде басшылыққа алатын қағидасына айналуы тиіс деп санаймыз.

Алдағы уақытта Абай ҒЗИ аталмыш «КІСІЛІК КОДЕКСІН» әркез оқырманның көзінің алдында тұрып, қолында  жүруге қолайлы болатындай әртүрлі форматта ұсынады.

Тапсырыс беруге ниеттенсеңіз, мына телефондарға хабарласыңыздар.     

Гүлжан 8707 4602876       Бибігүл 8747 896 74 79      

Сілтеме

Cілтемелер