Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  

Жақсының жақсылығын айт

АКАДЕМИК РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚ 95 ЖАСТА

ҚҰРМЕТТІ РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигін, шын мәніндегі ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫН мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіз бар саналы ғұмырыңызды қазақ тіл білімінің көкжиегін кеңейтуге, ана тілінің асыл қасиетін тануға арнадыңыз. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  Тіл білімі институтында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет ете жүріп Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына, қазақ елінің интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық санасының жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз.

Толығырақ »

ДАНАЛЫҚТЫ АБАЙДАН ІЗДЕГЕН БЕКЗАТ ҒАЛЫМ

IMG_7461-16-09-18-02-59

   Ел бірлігі, ұлт болмысы мен рухы, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру, интеллектуалдық сананы көтеру,  бүгінгі қазақтануды таныта білген, болмысынан текті, кемел тұлға. Абайдың өмірдегі, өнердегі, өлеңдегі зиялылығын өмірлік қағидасы тұтқан бекзат жан. Бұл сөздердің бәрі жақында ғана дүниеден өткен абзал жан, ұстаз, ғалым Жақан Молдабековке тән. Толығырақ »

ҚҰТТЫҚТАУ – 70 ЖАС

Без названия

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы  Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Қазақ Білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының  академигі ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВТЫ 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ардақты ҰСТАЗЫМЫЗҒА ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар, отбасына ырыс, береке тілейміз! Мерейіңіз тасып, құрметіңіз арта берсін!

 Үлкен құрметпен, шәкірттері.

Толығырақ »

«Дарабозда» дара тұрған ұстаз

Без имени-1Көккөзова Мария Балмұқанқызы – өзінің ұстаздық ұлағатын, білімі мен біліктілігін келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған парасатты ұстаз.  Апайдың әрбір сабағы қызықты ақпарат пен тәлім толы болып, алдында отырған шәкіртінің пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, білім алушының шығармашылық қабілетін дамытуға негізделеді. «Жаман мұғалім айтады, орташа ұстаз баяндайды, жақсы ұстаз түсіндіреді, ұлы ұстаз шәкіртін шабыттандырады», – деген  ұлы ұстаздың қанатты сөзінің соңғы сөйлемі – үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты, жас ұстаздарға тәлімгер, аяулы жар, асыл ана, жаны қиналған жанға қолын ұшын беруге әрқашан даяр осы біздің асыл апайға арналып айтылғандай.  Атына заты сай Мария апай өзінің ұстаз деген киелі атқа лайық ішкі дүниесін сыртқы келбетімен үйлестіріп ұстайтын әзиз жан. Дәрісханада біліктілігі жоғары, шебер ұстаз студенттерді өзінің ұстаздық қана емес, аналық мейірімімен баурап алса, байсалды, өнегелі ұстаз еңбек ұжымында үлкен-кішіге өзінің ұлағатты ісімен қадірлі.   Толығырақ »

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры

1„Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға”, — деп ұлы Абай бұдан екі ғасырдай бұрын айтқан екен. Ұстаздық туралы бүгін де аз айтылып жүрген жоқ. Бірақ ұстаздық туралы Абай негіздеген ұғымның тереңіне бойлаған, ұстаздық еңбегін Абай ұстанымына лайықты деңгейде атқарып жүрген жандардың шоғыры көп емес. Балаға үйрететін білімнің мазмұнын анықтай алмай, балаға оқытатын оқулықты түзей алмай жүрген жағдайда ұстаздық етіп жүрген жандарға Абайдың ұстанымына сай талап қою артық болуы мүмкін. Соған қарамастан, мына жағдайды есте ұстау шарт: мұндай талапты ұстаздық етіп жүрген жан өзіне өзі қоюы шарт. Ұстаздық еткен жанның балаға үйретуге жалықпауы Абайдың, қоғамның талабы болып қалмай, ұстаздық етуші әр адамның өзінің өзіне қоятын талабына, өзінің өмірлік ұстанымына, тұлғалық тұрғысына, кісілік болмысына айналуы қажет. Олай болмаған жағдайда ұстаздықтан қасиет кетеді, ұстаздық істен қасиет кететін болса, адам баласы надан болып өседі, жұрттың бәрі аларман болады, ар ойламай, пайда ойлайды, құлқынның құлы болады. Бұдан сақтану керек. Сақтанғанда, алдымен, бүгінде көз алдымызда балаға үйретуден жалықпай ұстаздық етіп жүрген ұстаздардың жақсылығын айтуымыз парыз. Толығырақ »

Ғылым жолы – сара жол

787257_215350729_2222222_001Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қаратаев Төреғали Қаратайұлы 1934 жылы  8 мамырда  Ақтөбе  облысы, бұрынғы  Қарабұтақ  қазіргі Әйтеке би ауданының Аққұм  ауылында (ағайдың өз сөзімен айтсақ) ақ боранда дауылдата жарық дүниенің есігін  ашқан. Жастай  ата-анасынан айырылса да, тағдырдың талай теперішін көрсе де, өмір атты асау толқынның ырқына көнбеген, қиындығына мойымаған, білім мен ғылымға деген құштарлық пен еліме адал еңбек етсем деген ізгі ниет, ақ тілекпен, азаматтық парызым өтесем деген жастықтың жалынымен қайраттанған жас  Төреғали    ауылдағы  орта  мектепті  бітірген  соң, 1949 жылы Ақтөбе педагогика училищесіне  келіп оқуға түседі. Училищені озат тәмамдаған  соң, ҚазМУ-ға оқуға түседі. 1953-1958 жылдары  Қазақ мемлекеттік университетінің  тарих  факультетінде  білім алып, табысты бітіргеннен кейін, ұстаздық еңбек жолын  Алматы облысы, Шамалған ауылында бірер жыл мұғалім болудан бастайды. Толығырақ »

Ұстаз ұлағаты ұмытылмас

Без-имени-1Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз, парасатты ғалым, сыйлас та сырлас құрбы  – осы мәні терең сөздердің бәрі бір ғана тұлғаның бойында кездесуі – өте сирек кездесетін құбылыс. Ал атына заты сай Раушан Мағзұмқызы Мансурова болмыс-бітімінде осы асыл қасиеттің бәрі жинақталған кесек тұлға болатын. Үйде – қамқор ана, адал жар, ардақты әже, жұмысында – өз ісіне берілген білікті маман, үйдегі тірлігін де, түздегі ұстаздық жұмысымен қатар ғылыми шығармашылығын да ақсатпай тең сатыда ұстаған асыл жан өзінің ғылыми жолын 1963 жылы қазақтың киелі қара шаңырағы атанған айтулы білім ордасы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсуден бастады. Белгілі қазақ жазушысы Мағзұм Тиесовтың қызының әке жолын қуып, гуманитарлық мамандықты емес, жаратылыстану факультетін таңдауы да бір ерекше қадам еді. Үлкен өмірге деген алғашқы қадамын ҚазМУ-дан бастаған Раушан Мағзұмқызының бүкіл ғылыми-педагогикалық шығармашылығы, ұстаздық жұмысы  өзінің химия факультетімен тығыз байланысты болды. Толығырақ »