Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Абайдың шығармашылығы

Бойы бұлғаң

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң —

Кімді көрсем, мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалма-жан. Толығырақ »

Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол

Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы — ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол? Толығырақ »

ВАДИМ (М. Ю. Лермонтовтан)

 I

Батар күнге шымылдық — көк бұлт кең,

Толқынды қызыл торғын өртпенен тең.

Өткен дәурен секілді нұры жайнап

Арттағы мұнараға береді рең. Толығырақ »

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (М. Ю. Лермонтовтан)

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? 

Хүкімші шалдар мәз боп отыр ма онда?

Антұрғандық қылығын алла ісі деп,

Нандырар қандай сопы, қандай молда? Толығырақ »

Бородино

Айтшы, аға, неғып жеңілдік

Мәскеуде емес тегіндік,

Болған білем соқтығыс,

Емес білем аз жұмыс. Толығырақ »

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (М. Ю. Лермонтовтан)

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр, 

Ішінде түсі суық бір жан отыр.

Алысты тұманданған ол ойлайды,

Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр. Толығырақ »

Ала қойлар (И. А. Крыловтан)

Бір таудағы хайуанды бір арыстан 

Билеген патшасы екен әуел бастан.

Әділ атақ алмақшы ниеті бар,

Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан. Толығырақ »

Ал, сенейін, сенейін

Ал, сенейін, сенейін,

Айтқаныңа көнейін.

Шалма ораған сопының

Ішін арам демейін.

Ақ көңілді әділ жан

Табылар деп көрейін.

Я сүйсе, я күлсе,

Елжірейін, төнейін. Толығырақ »

МАСҒҰТ

Я, алла, құрметінде достың Махмұт[1],

Тілге жар бер, білінсін тура мақсұт.

Арун-Рашид халифа заманында

Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт. Толығырақ »

ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ

Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген,

Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.

Болыпты ағайынды екі жігіт,

Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген. Толығырақ »