Мақалалар
Мұхтар Мағауин. ЖАҢА ЭПОС ЖАСАУ ЖОЛЫНДА
Қазақ поэмасының, нақты сыпаты, өзіне хас түр-тұлғасы бар поэманың, жасалуы кейініректе мүлде дерлік жаңа жанр прозаның, оның күрделі формасы романның тууы мен қалыптасуына пара-пар, аса күрделі процесс болды. Халықтық эпостың көне дәстүрі, бұл саладағы туындылардың шегіне жете дамып, биік көркемдік өреге көтерілуі, ал ғасырдың соңғы ширегінде қисса, хикаят аталатын, өлеңмен жазылған аңыздық-романдық эпостың үлкен табысқа жетуі басқа пішім, өзгеше үлгідегі жанрдың қадамын қысқартып қана қойған жоқ, оның әдеби шеруден өз орнын алуына, өлең сөздің жаңа үлгілерінің дамуына да бөгесін болды. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, Мұнда жоқ алтын иек, сары ала қыз» – эстетикалық идеал ғана емес, тақырып таңдаудың да үлгісі. Толығырақ »
Ыcқақ Дүйсенбаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Әдебиетіміз тарихындағы ерекше зор орнына орай, Абайдың өмірі мен шыққан ортасы, жасаған дәуірі мен қалдырған мұрасы және кемеңгер классиктің кейінгі буын ақындарға тигізген әсерін сөз ететін үлкенді-кішілі еңбектер, мысалы жеке мақалалар, көлемді монографиялар, дипломдық жұмыстар мен диссертациялар аз жазылған жоқ. Алайда, қазақ әдебиетіне Абайдың әкелген соны жаңалықтары ұшан-теңіз көп Толығырақ »
Тәкен Әлімқұлов. АБАЙ ӨМІРІ – ҒАЖАП ӨМІР
Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл боп өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағы мен көлеңкелі жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық шәркездіктерге жауап іздеуге тиісті болады. Бұған құбылмалы табиғаттың әсерін қосыңыз. Шыңғыстау атырабы кектемде құлпырып, жазда шалқыса, күзде қуарып, қыста қылышын сүйретіп шыға келеді. Жайлы мәуіртте желпіндірсе, жайсыз шақтарда шыныктырады. Алмасқан дүние, қайшы әсер! Толығырақ »
Ғаббас Тоғжанов. АБАЙДЫ ӘЛІ ТОЛЫҚ БІЛГЕНІМІЗ ЖОҚ
Қазақтың ескі әдебиет мұрасынан өзге ақындарға қарағанда көбірек, толығырақ тексерілген ақын — Абай. Абай жайында төңкерістен бұрын орыс, қазақ тілдерінде қазақ ұлтшылдарының көсемдері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мержақып Дулатұлының мақалалары шықты. Төңкерістен кейін Семейде «Абай» журналы шыға бастады, сонда Жүсіпбек, Екеу дегендердің Абай жөнінде сын мақалалары басылды. Совет тұсында 1922-23 жылдарда «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде Абай жайында Сәбит, Ғабдырахман Сәғдилардың сын мақалалары басылды. Бертін келе Мұстамбайұлы Ыдырыс пен Сәбит, Ілияс араларында Абай жайында үлкен айтыс болды. Толығырақ »
Fабит Мүсірепов. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ АБАЙДЫҢ ТАРИХИ ОРНЫ
Көшпелі де қараңғы елдің ортасында өмірі өткен аса дарынды ақын Абай тағдырының қандай ауыр, қандай аянышты болғанын бар бейнесімен көз алдыңа әкеле қою да оңай емес. Ойсыз-сұңсыз тоө жұрт үшін ізі білінбей өте беретін біріне бірі ұқсаған марғау күндер ойлы ақын үшін арылмай қойған азап болуға тиісті де. Үсті түгел қуарып, аздап қана астынан көктеп жататын күзгі даладай тозығы жеткен өмір ақын көңілін көтермеске керек. Толығырақ »
Асқар Егеубаев. АДАМШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫ — АР, АҚЫЛ
(Абайдың туғанына 150 жыл толуы алдында)
Абайдың ұлылығын ұққыңыз келсе, ел ішіне, ағайын арасына барыңыз: ақын атанын. ұлағатты ойы, сөзі, ісі исі қазақтың қанына сіңіп кеткен. Қарияның көкірегін-де, жаңаөспірім көкөрімінің аузында маржандай тәгіліп ақын ата ақылы жүр.
Абайдың даналығын танығьщыз келсе, арғы-бергі баспасөзді, әдебиеттерді, оқулықтарды ашыңыз: мақал-мәтелдері, қанатты сездері, қасиетті шығармалары шығады. Қазақтың қалам ұстаған азаматы Абай бабасынсыз ауыз ашпаған екен-ау! Абайсыз көз ашпаған екен-ау! Толығырақ »
Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов. АБАЙДЫҢ ӨНЕРІ ҺӘМ ҚЫЗМЕТІ
Абай 1845 жылы дүниеге келіп, 60 жыл өмір сүріп, 1904 жылы дүниеден қайтты. Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық-аждаһаны өртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды. Табиғаттың қыңыр жолы кімді билемеген?!
Өскен орта, көрген үлгі, тоңмойын надандық толқыны ағызып, ақыл көзін шын хақиқатқа ашқызбай, заман тонын кигізіп, 35 жасқа шейін ықтиярсыз айдап келді. Бұл жасқа келгенде маңайында жұрттың кір, бұзық мінездері бар қалпымен көзіне айқын суреттелді. Өкінді, өксіді, жиренді… Осы өкініш, өксіктің уыты бойын кернеп, сөзінде азалы, кекті, улы көп әсер, көп із қалдырды. Толығырақ »
Сара КҮЗЕМБАЕВА. АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
XIX ғасырдың екінші жартысында ұлтымыздың рухани қазынасына шексіз дария болып қосылған Абайдың философиялық даналық, көсемдік, ақындық және музыкалық мұрасы — халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Қазақтың бас ақыны Абай» музыка өнерінің де бас классик-композиторы ретінде биік тұрғыдан бағаланып, жаңа дәуірдегі жаңа музыка мәдениетін негізін салды. Толығырақ »
Мұхтар Әуезов, Бейсембай Кенжебаев. АБАЙ — ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ
І.
Қазақ халқының ұлы ақыны, ақыл-ойшы ұлы кемеңгері Құнанбайұлы Абайдың туғанына осы жыл август айында жүз жыл толады.
Абай тар заманда «соқтықпалы соқпақсыз жерде», халықтың игілікті ісіне қарсы топпен жалғыз алысып, халқының көшін жаңа жолға-мәдениет, өнер-білім жолына бастады. Халқының тарихын өзгертіп, жаңғырту жолында қажымай еңбек етті.
Абай қазақ елінің дәл бүгінгідей, ерікті, берекелі, бірлікті, күшті, мәдениетті, бай, бақытты ел болуын көкседі.
Баубек Бұлқышев. АБАЙ ЖӘНЕ ПУШКИН
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге…
(А б а й)
Қазақ әдебиетінің іргесін қалаушы, көркем сөздің шебері, ақын Абай — қазақтың көркем әдебиетін жаңа жолға салуда, оны өркендетіп, өсіруде үлкен еңбек сіңірген кісі. Сондықтан да ол өзіне дейінгі ақындарға, өзіне дейінгі әдебиетке, әсіресе қазақтың поэзиясына көз салды. Толығырақ »