25-Январь, 2012
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. Толығырақ »
Қажымас дос
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар. Толығырақ »
ҚЫЗДАРҒА
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең,
Ұры-қары көбейіп, к… шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бәкең? Толығырақ »
Күшік асырап
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.