Февраль 2012
Сабырсыз, арсыз, еріншек
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан, ала ауыз. Толығырақ »
РАҚЫМШАЛҒА
Сұлу аттың көркі — жал,
Адамзаттың көркі — мал.
Өмір сүрген кісіге
Дәулет — қызық, бала — бал. Толығырақ »
Патша құдай, сыйындым
Патша құдай, сыйындым
Тура баста өзіңе.
Жау жағадан алғанда,
Жан көрінбес көзіме.
Арғын, Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме. Толығырақ »
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат[1] пен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Толығырақ »
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. Толығырақ »
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Толығырақ »
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп. Толығырақ »
Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың. Толығырақ »
ОСПАНҒА
Кешегі Оспан,
Бір бөлек жан,
Үйі — базар, түзі — той.
Ақша, нәрсе
Ала берсе,
Ат та мінсе, көнді ғой. Толығырақ »