Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Мар »
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829  

1-Февраль, 2012

Лай суға май бітпес қой өткенге

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? Толығырақ »

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,

Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

Қыран шықса қияға, жібереді

Олар да екі құсын екі жақтап. Толығырақ »

Қызарып, сұрланып

Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып,

Өзді-өзі керегі. Толығырақ »

ҚЫЗ СӨЗІ

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң, не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ, өзің біл,

Әлденеге бастайсыз. Толығырақ »

Құр айқай бақырған

Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған

Кісіге сән бе екен? Толығырақ »

Құлақтан кіріп, бойды алар

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй. Толығырақ »

Қуатты оттай бұрқырап

Қуатты оттай бұрқырап,

Уәзінге[1] өлшеп тізілген.

Жаңбырлы жайдай сырқырап,

Көк бұлттан үзілген.

Қайран тіл, қайран сөз —

Наданға қадірсіз. Толығырақ »

Қуанбаңдар жастыққа

Қуанбаңдар жастыққа,

Елірме күлкі, мастыққа.

Көзің қайдан жетеді

Достық пенен қастыққа? Толығырақ »

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Фзули, Шәмси, Сәйхали, (3)

Науаи, Сағди, Фирдауси,

 Хожа Хафиз — бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири1 фәрияд2 Толығырақ »

ШӘРІПКЕ

Түңлікбайдың қатыны, атың — Шәріп, (5)

Байға жарып көрмеген сен бір кәріп.

 Сен — шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,

Көрінгөн ит кетеді бір-бір сарып. Толығырақ »