Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен   Ноя »
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

14-Октябрь, 2013

Серік Негимов. «ҚАЙҒЫ ШЫҒАР ІЛІМНЕН…»

001

С. Негимов

Жарық дүниеге, Абайдың пайымдауынша айтсақ, «кейіс дүниеге» келген адамның түбінде жалғанның жалғандығына бір көзі жететіні анық. «Жылап туып, кейіп өлгенше «маңдайыңа жазылғанды басыңнан кешіріп барып, «әурешілікті көре-көре» тіршілік етесің. Қуаныш-ренішін, жұбаныш-жалғандығын, рахат-азабын сезініп, өкініш-үмітпен өміріңді өткізесің. Түптеп келгенде, мәселе онда емес, мәселе: ғұмырыңның қиюы қалай келсе, соған ыңғайланып өзіңше қам-қаракет жасауыңда. «Алыстың, жұлыстың, айтыстың, тартыстың» (Абай). Бәрі де көрген түстей боп кейін қалды. Енді өкін мейлі, өкінбе мейлі, бәрібір қайыра қалпына келмейді. Енді ақылыңа азық боларлық жалғыз-ақ жол бар, ол — сол «кейіс дүниеден» мағына іздеу. Толығырақ »

Зүфар Сейітжанұлы. Абай мен Ақыт

personalPhoto157_jpg

З. Сейітжанұлы

Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шыңдалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі – халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы  кездерінде Абайға ереше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай,шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың  да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас теомірқазығы болды. Соның бірі – Ақыт Үлімжіұлы. Толығырақ »

Әбділхамит Нарымбетов. «Сегіз аяқ» – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы

405444_1142330837_759_Narimbetov_Abdilxamyt

Ә. Нарымбетов

Абай – Қазақ халқының XIX – ғасырдағы кемеңгер ақын Абай шығармаларының идеялық тереңдігі, көркемдік байлығы жөнінде, әрине, бірден-бір дәл, анық, байыпты пікір айтқан – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол бір сөзінде:

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» Толығырақ »