18-Май, 2015
Дандай Ысқақұлы. АУДАРМАДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ
Қазақ әдеби аудармасының бастау көзін Ыбырай Алтынсарин ашты. Оның 1879 жылы шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» орыс әдебиетінен аударылған бірнеше шығармаларға, атап айтқанда, Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың, К.Д.Ушинскийдің, И.М.Паульсонның ағартушылық бағыттағы туындыларына орын берілді. Педагог Ыбырай Орыс жазушыларының шығармаларының ішінен тек тәрбиелік маңызы барларын ғана аударған. Неге олай істеді? Сол кездегі қазақ қоғамының алға дамып, өсіп-өркендеуі үшін білім-ғылымның аса қажет екендігін түсінген қазақ зиялылары ағартушылық жолға бастады. Халқының мүшкіл халін бар жан-тәнімен сезінген Ыбырай елдің көзін ашу мақсатымен алғаш рет қазақ даласында мектеп ашып, білімнің дәнін шашты «адамдықтың диқаншысы» болды. Толығырақ »
Мүслім Базарбаев. АБАЙДЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
Абай поэзиясының қазақ әдебиеті, тілі, жалпы мәдениеті тарихында үлкен бетбұрыс болуы себепті, бүкіл дүние жүзілік арнадағы ағарту есігін, реализм есігін ашуы себепті бұрынға поэзиядан мол айырымды болуы заңды да, түсінікті де. Қазақтың жазба әдебиетінің ірге тасын қалаған, әдеби тілін мүлде жаңа бағытта дамытқан Абай творчествосы басқа дүние, басқа халық мәдениетіне алып баратын көпір сықылды роль атқарады. Оның басты дәлелі данышпан поэзия тудыруында, қазақ өлеңін қайта жасап, оған терең ой мен ақыл, сезімді, көрік пен түрді бірдей жүк етіп артуында әрі соны шебер көтеріп шығуында.
Абай шығармаларында қазақтың ескі өміріне тән суреттер асқан реалистікпен жырланатынын көреміз. Ы. Алтынсариннің «Өзен» деген өлеңінде дәлдік мол. Толығырақ »
Сәбит Мұқанов. АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик ақын Абай бұрынғы Қарқаралы дуанына қарасты Шыңғыс тауының бауырында туған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы маңайындағы қазақ ауылдары байлары мен билерінің ішіндегі азулыларының бірі болады. Білетін адамдардың, әсіресе, он тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында Батыс Сібірге саяси қылмысты ретінде жер ауып келіп, Құнанбаймен таныс, істес болған поляк офицері А. Янушкевичтің сипаттауына қарағанда, Құнанбай өз ортасының ақылды да білгір, тапқыр да шешен адамы болған. Сондықтан да патша үкіметі оны бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Толығырақ »
Ахмет Жұбанов. АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Жазба әдебиетіміздің негізін салған Абай өзінің асыл өлеңдерін, қарасөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыздәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті.
Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Толығырақ »
«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2015 жылдың 30 наурыз күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Ақиқат» журналы редакциясымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы – Масалимова Алия Рмгазиевна ашып, ары қарай филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д.Құрманалиева жүргізді. Толығырақ »