Апрель 2015
ТАРИХ — ҒАСЫРЛАР КУӘСІ
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын қазақ диаспора өкілдерінің тыңдаушылары арасында «Тарих — ғасырлар куәсі» атты сайыс кеші өтті. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз — ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау. Толығырақ »
АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ — 2015
Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми конференциясы
(Конференция жайында)
Конференцияның төрағасы:
Жанғара Дәдебаев,
филология ғылымдарының докторы, профессор
«Абайды білмек парыз» деген атпен студент жастардың электронды ғылыми конференциясы тұрақты түрде өтетін болады. Конференцияның мақсаты — студент жастарды Абайдың өмірі мен шығармашылығын білуге, зерттеуге, насихаттауға баулу. Конференцияда Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге шек қойылмайды. Тіл білімі, әдебиеттану, мәдениеттану, философия, педагогика, этика, эстетика, әлеуметтану және басқа ғылым салаларында, сондай-ақ бірнеше ғылым тоғысында пәнаралық сипатта дайындалған баяндамаларға ерекше мән беріледі. Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушы жастар ешбір шектеусіз қатыса алады. Қазақстаннан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың қатысуына да жол ашық. Конференцияның тұрақты ұйымдастыру комитетіне келіп түскен баяндамалар алдынала сараптан өтеді. Аса қажет болған жағдайда, конференцияға келіп түскен баяндамалардың мәтініне стильдік тұрғыда редакция жасалуы мүмкін. Конференция материалдары сайтта жайғастырылғаннан кейін жарияланған болып есептеледі.
Конференцияға қатысуға тілек білдіргендер өз баяндамаларын (Word немесе PDF форматында) мына мекен-жайға жіберуіне болады: Abai_inst@mail.ru
Конференцияның жауапты хатшысы Ерхан Карбозов e.karbozov@mail.ru
Байданова Г.- АБАЙДЫҢ ПОРТРЕТ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ
Қарақожаева_Э.- АБАЙДЫҢ «ҚЫС» ӨЛЕҢІНІҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ СИПАТЫ
Сайдажиева_А.- АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сандыбаева Қ.- АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ РЕАЛИЯЛАРДЫҢ ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Тункер А.- АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ_МОҢҒОЛ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Хмелевская В.П — СОДЕРЖАТЕЛЬНО-ФОРМАЛЬНЫЕ ОСОБЕННОСТИ «СЛОВ НАЗИДАНИЙ» АБАЯ И ПРОБЛЕМЫ ИХ ПЕРЕВОДА
Рахманқұл Бердібаев. ҰЛЫЛЫҚҚА ЖАРТЫКЕШ ТҮСІНІК ЖҮРМЕЙДІ
Абай мұрасын танып-білудің ғылыми тәсілдері, методологиялық таяныштары анықталды деп айту қиын. Алдағы жұмыстардың жемісті болуы зерттеушілеріміздің жаңа көзқарас қалыптастырып, жасанды догмалар қыспағынан құтылуына байланысты. Жылдар бойында Абайтануды белгілі бір шеңберден шығармай келген жалған қисындардың кейбіреулерін айта кетейік.
Ондаған жылдар бойында қоғамдық ғылымдарда жетекші кағидалардың бірі болып есептелген, тарих пен мәдениеттің барлық мәселелерін таптық көзқарас тұрғысынан қарап тексеретін дағды Абай мұрасын жан-жақты қарастыруға тежеуіш болып келді. Толығырақ »
Балемер Сахариев. ӨШПЕС МҰРА
Абайды біз ұлы ақын дейміз. Мұның өзі әрбір юбилей күндерінде жазылатын мақалаларға тән жалпы мақтау сөздер болмаса керек. «Ұлы» немесе «Данышпан» деген мақтау сөздерді әртұста әркімге қолданатын уақыттар болады. Бірақ, соның бәрі бір дәрежеде емес. Абай есімі аталғанда «Ұлы», «Данышпан» деген сөздер еріксіз келіп оралады. Бұл сөздер айтылмаса, Абай есімі өгейсіп тұрғандай.
Абай ас беріп, ат мінгізіп, шапан жапқан бай үйінің «салтанатын, мырзалығын» мақтап сарнаған ақындарға қарсы күрес ашты. Өлеңді күнкөрістің құралы етіп, кәсіпке айналдырушылдыққа жан-тәнімен қарсы болды. Толығырақ »
Мұхаметжан Қаратаев. АБАЙДЫ АРМАНДАСАҚ
Қай халықтың да белгілі бір заманда бетке ұстап, бедел тұтар дара тұлғалы данышпаны болады. Ол өзінің озық ой, санасымен халқының тарихи дамып жеткен бүгінгі рухани дәрежесін таныта отырып, оның алдындағы болашақ мұрат межесін меңзейді. Сондай кісінің бірі және бірегейі біздің қазақ халқының өткен ғасырда өмір сүрген ұлы ұлттық ақыны Абай екені әмбеге аян. Абайды 1936 жылғы тұңғыш мақаламда алғаш рет «Ұлы ұлттық ақын» деуіме И.Г. Белинскийдің Пушкинді дәл осылай бағалауы бірінші себеп болған еді. Толығырақ »
Ғаббас Тоғжанов. АБАЙДЫҢ РЕАЛИЗМІ
Абайдың өзінің 20 жылдай жазған ақындық өмірінде өлеңінің көбін қазақтың әлеумет құрылысы жайында жазады. Абайдың өлеңдерінде, мақалаларында әлеуметке тимейтін сөзді аз табасың:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, көңлі ойлыға
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ» республикалық оқу-әдістемелік семинары
2015 жылы 2-3 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, ҚазҰУ профессорлары, әдебиеттанушы-ғалымдар Қанипаш Мәдібаева, Темірғали Есембеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Рахымжан Тұрысбеков, ғалым Дандай Ысқақов абайтанудың заманауи мәселелері, абайтану тарихы бойынша дәріс оқыды. Орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда инновациялық мазмұн, инновациялық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің сайтының құрылымы таныстырылып, абайтану бойынша қосымша материалдар ұсынылды. Толығырақ »
Манап Хасенов. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СЫН
Абай шығармаларында өмірдің әр алуан жақтарын қамтылады. Ақынның көтерген негізгі мәселесінің бірі, өз тұсындағы жұртшылық кемшілігін сынға алу болды. Бұл жөнінде өз көзімен көрген, өз басынан кешірген жағдайларды да сөз етті ол. Ел ісіне, қоғамдық мәселелерге тікелей араласа келіп, Абай әділетсіздікті көрді. Бай- феолдалдардың қулық-сұмдығын, зұлымдығын әшкереледі, би- болыстардың бүлдіргіштік әрекетін ашты. Толығырақ »
Мүбәрәк Үмбетаев. АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ ЗАМАНДАСТАРЫ
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген оқымысты, өнерпаз ұлы тұлғаларының соңдарында қалдырған көркем әдеби-ғылыми шығармашылықтары біздің шығу бастау көзін көнеден алатын көркем сөз өнеріміздің аса айтулы бай қазыналарының қатарынан мәртебелі орын алады. Өйткені, ХІХ ғасыр – қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған қатері аласқа кететін, өте зардапты, алмағайып әлеуметтік оқиғаларымен ерекшеленеді. Бұлай болатын себебі жалпы түркі жұрттарына барынша жайсыз тиген он тоғызыншы ғасыр соно-о-у 1731 жылы басталған Ресей империясының Орта Азия атырабына жан сала аттанған бет қаратпас, ожар отаршылдық шабуылының әбден асқынып, шегіне жеткен кезі еді. Толығырақ »