Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр   Мар »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Май 2015

ҰЛТЖАНДЫ ҚАЙРАТКЕР — ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары университеттің барлық факультеттерінде сабақ жүргізеді. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасу үшін әлемге әйгілі ҚазҰУ-тін таңдап келген студенттердің басы біздің факультетте жиналады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке тек  талапты, ақылды әрі тапқыр болашақ студенттер келеді. Сондықтан университеттің оқытушыларына бұндай білімге құмар жастармен жұмыс істеу әрдайым қызықты және тиімді. Толығырақ »

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ — АЙРЫҚША АДАМ, АҚЫЛДЫ ТҰЛҒА, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемге танымал жоғары оқу орны. Табыстарға толы 80-жылдық тарихы бар ҚазҰУ-да, атақты ғалым-педагогтар, тәлімгерлер еңбек етті. Соның ішінде, белгілі тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, профессор, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде алғаш Қазақстан тарихы кафедрасын ашқан Ермұхан Бекмаханов та бар. 1947-1951 жж. Қазақ мемлекеттік университетінде (казіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Толығырақ »

Қанипаш Мәдібай. ҚИЫР ШЫҒЫСТА ДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІК

       Өткен 2014 жылдың 11-25 желтоқсан күндері Корея Республикасындағы 56 шет тілінде сабақ жүргізілетін Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институтында ғылыми байланыстар бағытында арнаулы тақырыптарда танымдық басқосулар өткізу және кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында шақырту алып, қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Дина Ақбергенқызы Әлкебаевамен бірге ғылыми тағылымдамадан өтіп қайттық. Толығырақ »

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

     2015 жылы 21 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институты базасында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы кафедрасы және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы бірлесіп «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ »

Cәуле Жусанбаева. ҚазҰУ-ДЕЙ УНИВЕРСИТЕТ ҚАЙДА

     Орта мектепті бітіруші жастардың алдында таңдау көп болады. Орта мектеп түлектері ең алдымен, әрине, болашақта кім болатынын, қандай мамандық бойынша жоғары білім алатынын ойлайды. Соған орай әр жас үшін қайда, қандай жоғары оқу орнында және қандай мамандық бойынша оқитынын дұрыс таңдаудың өмірлік маңызы бар. Толығырақ »

Дандай Ысқақұлы. АУДАРМАДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ

Д. Ысқақұлы

Д. Ысқақұлы

Қазақ әдеби аудармасының бастау көзін Ыбырай Алтынсарин ашты. Оның 1879 жылы шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» орыс әдебиетінен аударылған бірнеше шығармаларға, атап айтқанда, Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың, К.Д.Ушинскийдің, И.М.Паульсонның ағартушылық бағыттағы туындыларына орын берілді. Педагог Ыбырай Орыс жазушыларының шығармаларының ішінен тек тәрбиелік маңызы барларын ғана аударған. Неге олай істеді? Сол кездегі қазақ қоғамының алға дамып, өсіп-өркендеуі үшін білім-ғылымның аса қажет екендігін түсінген қазақ зиялылары ағартушылық жолға бастады. Халқының мүшкіл халін бар жан-тәнімен сезінген Ыбырай елдің көзін ашу мақсатымен алғаш рет қазақ даласында мектеп ашып, білімнің дәнін шашты «адамдықтың диқаншысы» болды. Толығырақ »

Мүслім Базарбаев. АБАЙДЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

М. Базарбаев

М. Базарбаев

Абай поэзиясының қазақ әдебиеті, тілі, жалпы мәдениеті тарихында үлкен бетбұрыс болуы себепті, бүкіл дүние жүзілік арнадағы ағарту есігін, реализм есігін ашуы себепті бұрынға поэзиядан мол айырымды болуы заңды да, түсінікті де. Қазақтың жазба әдебиетінің ірге тасын қалаған, әдеби тілін мүлде жаңа бағытта дамытқан Абай творчествосы басқа дүние, басқа халық мәдениетіне алып баратын көпір сықылды роль атқарады. Оның басты дәлелі данышпан поэзия тудыруында, қазақ өлеңін қайта жасап, оған терең ой мен ақыл, сезімді, көрік пен түрді бірдей жүк етіп артуында әрі соны шебер көтеріп шығуында.

Абай шығармаларында қазақтың ескі өміріне тән суреттер асқан реалистікпен жырланатынын көреміз. Ы. Алтынсариннің «Өзен» деген өлеңінде дәлдік мол. Толығырақ »

Сәбит Мұқанов. АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904)

С. Мұқанов

С. Мұқанов

 Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, классик ақын Абай бұрынғы Қарқаралы дуанына қарасты Шыңғыс тауының бауырында туған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы маңайындағы қазақ ауылдары байлары мен билерінің ішіндегі азулыларының бірі болады. Білетін адамдардың, әсіресе, он тоғызыншы ғасырдың алғашқы жартысында Батыс Сібірге саяси қылмысты ретінде жер ауып келіп, Құнанбаймен таныс, істес болған поляк офицері А. Янушкевичтің сипаттауына қарағанда, Құнанбай өз ортасының ақылды да білгір, тапқыр да шешен адамы болған. Сондықтан да патша үкіметі оны бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. Толығырақ »

Ахмет Жұбанов. АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ

А. Жұбанов

А. Жұбанов

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Жазба әдебиетіміздің негізін салған Абай өзінің асыл өлеңдерін, қарасөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырса, музыка жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыздәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты ауыздан-ауызға, заманнан-заманға ауыса отырып жетті.

Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Толығырақ »

«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2015 жылдың 30 наурыз күні  философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Ақиқат» журналы редакциясымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы – Масалимова Алия Рмгазиевна ашып, ары қарай филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д.Құрманалиева жүргізді. Толығырақ »