Май 2016
АБАЙТАНУДАҒЫ АЛЫП АДЫМ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасынан «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» деген атпен он томдық басылым жарық көрді. Он томдық университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалған, баспаға университеттің филология факультеті Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған. Басылымның ғылыми-редакциялық кеңесі мына құрамда жұмыс жасаған: Ж. Дәдебаев (төраға), Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали, Т. Есембеков, Б. Жақып, А. Жақсылықов, Қ. Мәдібаева, Ж. Молдабеков, З. Сейітжанов, Ә. Тарақ, А. Темірболат, Ж. Тілепов, Р. Тұрысбек. П. Бисенбаев (хатшылар тобының жетекшісі), И. Әзімбаева (жауапты хатшы), Ә. Жапарова (хатшы). Басылым томдарын құрастырып, олардың түсініктерін жазғандар: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ. Толығырақ »
Қуаныш Сұлтанов. АБАЙ — АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ТҰЛҒА
ЮНЕСКО-ның мәдениет саласындағы
комиссиясы мәжілісінде
1993 жылғы 2 қарашада сөйлеген сөзі.
Құрметті төрага мырза! Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бүгін ЮНЕСКО Бас конференциясының Бірінші комиссиясы күн тәртібіндегі ең бір игілікті мәселелерді — мәдениет және оны сақтап қалу проблемаларын талқылап отыр. Бұл проблемалардың қатарында халықтардың аса көрнекті өкілдерінің, тарихи оқиғалардың ұмытылмастай есте қаларлық және мерекелік күндерін атап өту де бар. Толығырақ »
Иманғали Тасмағамбетов. АБАЙ — ПІКІРІМІЗДІҢ ПІРІ, РУХЫМЫЗДЫҢ ТУЫ
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының
Абайдын 150 жылдығына арнап өткізген
мерекелік сессиясының ашылуындағы сөз.
1995 жылғы 8 тамыз
Ардақты әлеумет!
Қадірменді меймандар!
Дүние жүзі халықтарының тарихында аты жер басып жүрген жұмыр бастының бәріне бірдей ортақ, бәріне бірдей кымбат тұлғаға айналған алып ойшылдар мен көреген кемеңгерлердің аз емес екені өздеріңізге де мәлім. Толығырақ »