Ноябрь 2017
Абайтану семинары Іле ауданында
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарын Алматы облысы Іле ауданының орталығында өткізді. Семинарға Іле ауданындағы орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Алғашқы абайтанушылар, Абай шығармаларының текстологиясы, «Қара сөздері» және тағы басқа тақырыптар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқыланды. Толығырақ »
ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕРДІҢ VIII ТОМЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты абайтану бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеп, жарыққа шығару ісін жалғастыруда. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымының VIII томы осы игілікті істің жалғасы болып табылады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми-зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектердің» VIII томында Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің нәтижелері көрініс тапқан. Толығырақ »
АБАЙ ІЛІМІ – КҮРДЕЛІ ІЛІМ
Абай мұраларын, ілімі мен өнегесін жастардың бойына сіңіру жолында «Абайтану» институты ғалымдары аянып жүрген жоқ. Бүгінде абайтанудың отыз томын жарыққа шығарды. Абайтану ғылымының басы-қасында жүрген ғалым, профессор Жанғара ДӘДЕБАЕВ Абай ілімін меңгеру терең білімді талап етер күрделі іс екендігін айтады. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
– Абайтану институты ашылғалы бері Абай мұраларын зерттеп-зерделеуге сүбелі үлес қосып келеді. Студенттердің жүрегіне Абай ілімін сіңіруде оқытушы-ғалымдар теория мен практиканы теңдей ұштастыра алып жүр ме? Толығырақ »