Октябрь 2017
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДЕРБЕС ҚОРЫ
Абай ұлылығын тануға, танытуға деген ұмтылыс Абай өлген күннен бері әлі күнге тоқталмай жалғасып келеді. Осындай ниеттен туған еңбектердің бір парасы – «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығы. Бұл кітаптарды баспаға дайындаушы ғалымдар көптомдықтың маңызы туралы айтып берген еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтану ғылым саласы, оқу пәні ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қалыптасты. Абайтанудың ғылым саласы, оқу пәні ретінде дамуының барлық кезеңдерінде осы университеттің ғалым-ұстаздары ерен еңбек етті. Толығырақ »
АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ИНТЕРМӘТІНДІЛІК
Сөз өнері үшін мәнді өмірлік құбылыстың қайсысының болмасын өмірде болмас бұрын өмірде көрінбегі, суреткерді толғандырмас бұрын қауымды ойландырғаны шарт. Әдеби шығармашылықтың интермәтіндік болмысының бір сыры осында. Әлемді мойындатқан әрбір көркем туынды — жалпы адамзаттық эстетикалық бірлік пен ұлттық әдеби танымның ерекше симбиозы деген пікір орныққан, өйткені терең үндестік пен айқын ерекшеліктің мұндай көріністері таң қалдырады. Қай кезде болсын өнер атаулы қырық құйқылжып жатқан әлеуметтік құбылыстардың астарына үңіліп, өткен тарих тәжірибесіне сүйеніп, болашағына көз сала отырып, дамуға тырысар. Толығырақ »
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ
Абайтану институтының әдебиетшілер тобы профессор Жанғара Дәдебаев басшылығымен Абайтанудың он томдық ғылыми басылымын шығарған болатын. Онда белгілі Абайтанушылардың әр жылдарда жарияланған зерттеулері енген. Профессор Рақымжан ТҰРЫСБЕК таңдамалы еңбектің ғылыми маңызына тоқталған еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтанудың он томдық таңдамалы ғылыми басылымын шығарардағы ұжымдық еңбекке қатыстым. Бұл, негізінен, «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс. Мұнда абайтану ғылымының арғы-бергі тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері, болашақ өрісі баяндалады. Толығырақ »
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Абай өмірі мен шығармашылығына ойлы көзбен қарай алған әрбір ізденуші Абайды оқыған сайын жаңа қырынан тани түскенін айтады. «Жүрегінің түбіне жұмбағын» жасырып қалдырған осы бір ұлы адамның мұрасын жүйелеп зерттеуге атсалысып келе жатқан Абайтану институты ғалымдары да осылай дейді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.
Абайтану тақырыбын біз қазір қозғап жатырмыз ғой. Бірақ мұның барлығы да маған алғашқы қадамдар сияқты көрінеді де тұрады. Өйткені, «абайтану» деген бұл өте күрделі дүние. Абай күрделі адам. Біз қазір абайтанудың қырықтан аса кітабын дайындап қойдық. Толығырақ »
Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері көп
«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани соншалық жақындармыз…» деген Міржақып сөзі жыл өткен сайын ақиқаттығына шәксіз сендіре түскендей. Хакім өмірі мен шығармашылығына тереңдеп үңілу ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолынан» бастап осы күнге дейін жалғасып келеді. Одан алдын да, кейін де Абайды тануға ұмтылыс әсте тоқталған емес. Содан бері «…Қарадан хакім болған» Құнанбайұлы тұнығына бойлаған әр қазақ өзін көріпті. «…Улы сия, ащы тілді» қалқан еткен тұлға «мыңмен жалғыз алысқанын» айтады. Оның күресі бір басына қазақтың батпан-батпан қайғысын жинап алып, «жаралы болған жүрекке дауа» іздеп шарқ ұрған азапты сәттерінде қауыша беретін қараңғылықпен күрес болатын. Ғалымдар Абай мұрасы әлі де кеңінен зеттеуді қажет етеді дейді.