Сентябрь 2017
Меркі ауданындағы Абайтану семинары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты ғылыми-әдістемелік семинарын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Толығырақ »
ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институты қазіргі Абайтануға нақты үлес қосуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.
Тәуелсіз кездегі Абайтану өз деңгейінде дамып келе жатқаны анық. Толығырақ »
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ТҰРҒЫСЫНАН ӨЗЕКТІ
Абай дүниетанымы турасында ұдайы сөз қозғап отыру ниетінде «Абайтану» айдарын ашып отырмыз. Жобаны «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті орындағанын оқырманның қаперіне саламыз. Осы жоба аясында газетіміздің өткен сандарында «Абай және біз» деген атпен қос бірдей «Дөңгелек үстелдің» ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн.
Абай мұрасын игерудің игілікті, қайырлы арналары бар. Абайтанудың іргелі мәселелері ұдайы күн тәртібінде. Осы бағытта қамданып, тұтас қамтып жұмыс істеуге ынталы болып отырған Орталықтар, зерттеу институттары құрылған. Соңғы 30 жыл ауқымында да атқарылған шаруа, айқындала түсіп отырған мәселе де аз емес. Толығырақ »
АБАЙ ЖӘНЕ БІЗ
Әдебиеттанушы-ғалым Мекемтас Мырзахметұлы бір сұхбатында: «1940 жылы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романының бір тарауы – «Татьянаның қырдағы әнін» газетке жариялады. Жұрт жаппай оқыды. Роман шыққанда Бауыржан Момышұлы оған «Сені әдебиеттің полковнигі деп атаймын. Есейген Абайды білуші едім, бала Абайды білмеппін» деп хат жазды. «Қазақтың бас ақыны» Абайдан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін мықты, хакіммен деңгейлесе алатын ақын болған жоқ», – депті. Толығырақ »
АБАЙ ЖӘНЕ БІЗ
1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «…Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда», – деген жолдар бар. Әрине, хакім Абайды түсіну өз замандастарына оңай болмаған. Күллі қазақтың бет түзейтін құбыласына айналған ақын ұлағатын біз бүгін қалай түсініп жүрміз? Толығырақ »