12-Февраль, 2020
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХХХVІІI томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз сегізінші томында Г.Ә. Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасы» еңбегі берілді. Онда Абай дискурсының ұлттық таным мен ұлттық рухты танытатын концептуалды жүйесі және прагматикалақ деңгейі антропоөзекті, когнитивтік лингвистика аясында талдауға түскен. Абай тілдік тұлғасын ғылыми лингвистикалық тұрғыда сараптау арқылы оның тілдік әлемінің когнитивтік парадигмасы түзіліп, прагматикалық мәні ашылады. Ол үшін ұлт – тіл – мәдениет, уақыт – кеңістік – адам сабақтастығы басшылыққа алынған. Тілдік тұлғаның когнитивтік деңгейі тарихи-қоғамдық, әлеуметтік мазмұнға қатысты қарастырылады.
Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге, оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көпшілік қауымға арналған.
Құрметті оқырман!!!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының ХХХVІІ томы жарық көрді.
«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының отыз жетінші томында көрнекті ғылым қайраткері Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықованың «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Ғылыми мақалалар» атты еңбегі берілген. Онда автордың орталық ғылыми басылымдар мен «Абай» энциклопедиясында жарық көрген ғылыми-теориялық мақалалары топтастырылған.
Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, тілшілер мен әдебиетшілерге, оқытушылар мен оқушыларға, Абай тілінің байлығына терең бойлағысы келетін көпшілік қауымға арналған.