Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл   Сен »
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

Август 2020

АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтында 2020 жылдың 10 тамызы күні «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен ілімі» деген тақырыпта сырттай ғылыми конференция басталды. Алдын ала түскен сұраныстар бойынша, конференция бағдарламасында мынадай баяндамалар бар:

  1. Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы,

филология ғылымдарының докторы, профессор

(Алматы)

Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздері.

  1. Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы,

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстанның Ғылымға еңбек сіңірген қайраткері

(Шымкент)

Абайдың толық адам ілімі.

  1. Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы,

филология ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА академигі (Нұр-Астана)

Абай ілімі.

  1. Жаксылыков Аслан Жәмелұлы,

филология ғылымдарының докторы, профессор

(Алматы)

Щедрый дар. Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫСЫ АБАЙДЫҢ ОН ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ (қазақ, ағылшын, орыс, неміс және француз тілдерінде)

Роллан Сейсенбаев,

жазушы, баспагер

Қазақ елінің мәдени, әдеби, баспа өмірінде тұңғыш рет қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, композиторы, өз халқынан ұлт қалыптастыруға жанын салған дана тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Халықаралық Абай клубы» ақынның он томдық толық шығармалар жинағын қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шығарып тарту жасады.

Ақынның шығармаларын шет елдердің тілдеріне аударған айтулы аудармашылар жазушы Роллан Сейсенбаевтың әдебиеттегі де, өмірдегі де достары.

Абайдың өлеңдерін орыс тіліне аударған орыстың ХХ ғасырдағы ұлы ақындарының бірі Юрий Кузнецов.

«Қарасөзін» («Ғақлия») орыс тілінде сөйлеткен белгілі аудармашы Клара Серікбаева.

Ақынның өлеңдері мен «Қарасөзін» ағылшын тіліне аударған ағылшынның әйгілі ақыны, аудармашы, тюрколог Ричард МакКейн. Ричард МакКейн ағылшын тіліне түріктің ұлы ақыны Жүніс Емренің, Жалаладдин Румидың, орыстың ұлы ақындары Анна Ахматованың, Борис Пастернактың өлеңдерін аударып, Ұлыбританияның белгілі “Pеnguin” баспасынан басып шығарған.

Ақынның өлеңдері мен «Қарасөзін» француз тіліне аударған Антуан Гарсиа. Антуан Гарсиа Лев Толстойдың, басқа да атақты орыс жазушыларының шығармаларын аударып, Парижде кітап қылып шығарған белді аудармашы. Толығырақ »

АБАЙ МҰРАСЫ – БҮКІЛ ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ИГІЛІГІ

Абай күніне орай Абай жылында не істедік, не бітірдік деп өзімізге өзіміз сұрақ қойып, өзімізге өзіміздің есеп бергеніміз орынды.
Абайтану – бүгінде негізі берік қалыптасқан, даму үстіндегі ғылым саласы. Республиканың Білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми жобалар негізінде ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттамасында «Абайтану. Қазіргі қоғамдық-гуманитарлық білім жүйесіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы» мамандандырылған ғылыми бағыттардың басты бір саласы ретінде бекітілді. Бұл – Абай жылының абайтану ғылымы саласындағы үлкен жетістігі. Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін барлық мамандықтар бойынша оқутуға бетбұрыс басталды. Бұл – абайтану саласындағы екінші бір үлкен жетістік. Сонымен қатар түркі тілдес халықтардың жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқыту мәселесі көтерілуде.
Абай жылында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті абайтану саласында ерен еңбек етті. Бұл ретте басты бір нәтижені атап өткенді дұрыс көремін. Ол – абайтану ғылымы саласында тарихи қалыптасқан ғылыми мектептерде өндірілген білімдердің дербес ғылыми базасының жасалуы. Университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында абайтану саласында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» деген атпен көптомдық сериялық басылым жарық көре бастады. Осы сериялық басылым негізінде абайтану саласында дербес ғылыми база жасалды. 2020 жылға дейін бұл база 50 том көлемінде көпшілікке ұсынылады деп жобаланған еді. Бүгінгі күні оның 40 томы жарық көрді, қырық бірінші томы өндірісте. Орыс тілінде жинақталған еңбектердің жалпы көлемі де осы шамада. Дербес ғылыми қордағы еңбектер Абай институтының электронды кітапханасына орналастырылып, олар әлем жұртшылығының игілігіне айналды. Абай жылында жасалған жұмыстарымыздың басты нәтижесі – Абайтану саласында дербес ғылыми базаның жасалуы және оның әлем жұртшылығының игілігіне ұсынылуы.
Абай күніне орай мына бір мәселеге назар аударғым келеді: Абайдың шығармашылық мұрасы — бүкіл халықтың рухани игілігі. Бүкіл халықтың рухани игілігін сақтаудың, қорғаудың құқықтық негізі болуы шарт. Оны жасау керек.

Жанғара Дәдебаев,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры

Тамаша тарту

Тамаша тарту