Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт   Дек »
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Ноябрь 2020

«ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен  2020 жылдың 27 қарашасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ҚАЗІРГІ ӨРКЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті. Толығырақ »

Шақыру!!!

Құрметті оқырман!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының XLII томы жарық көрді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының қырық екінші томында Ә. С. Тaрaқовтың «Абaйдың aудaрмaшылық тaлaнты» еңбегі берілді. Филология ғылымының докторы, профессор Ә.С. Тaрaқов Aбaйдың Бaтыс және орыс aқындaрынaн aудaрғaн туындылaрын жaн-жaқты зерттеді. Клaссиктердің шығaрмaшылық өмір жолы берілген. Сонымен бірге Абай поэзиясының aудaрмaлaры теориялық тұрғыдaн терең тaлдaнaды. Әр aудaрмaдaғы Aбaйдың ізденісін, бaлaмa, сәйкестік тaбу шеберлігін, aудaру тәсілдері мен шешімдерін түпнұсқa мен aудaрмaны сaлыстырa aйқындaп, дәлелдейді. Әр aудaрмaны нaқты тaлдaп, сaрaптaп, Aбaйдың aудaрмaшылық тaлaнтын ерекшелейді. Шығыс пен бaтыс әдеби сaбaқтaстығын сaрaлaйды.

Томға енген еңбек абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы жастарға және көпшілікке арналған