Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2020
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен   Ноя »
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  

Октябрь 2020

Құттықтау

ҚҰРМЕТТІ ЗИНОЛ-ҒАБДЕН ҚАБИҰЛЫ БИСЕНҒАЛИ!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен  шын жүректен құттықтайды.

Сіз ұлағатты ұстаз, әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жарты ғасырға жуық табан аудармай  ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келесіз. 1972 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірген соң, университет қабырғасында  аспиранттан профессорға дейін жалғасқан оқытушылық және ғалымдық жолыңызды зор қажыр-қайратпен, үлкен абыроймен жалғастырып келесіз. Ұстаздықпен қатар, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттеріңіздің арқасында 2001-2009 жылдарда қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы меңгерушісі қызметін атқардыңыз. Толығырақ »

Өзбекстанда «Абай оқулары» конкурсы өтті

Өзбекстанда «Абай оқулары» конкурсы өтті

Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зеттеу институты және Өзбекстандағы Науаи педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы бірлесіп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Абай оқулары» атты халықаралық әдеби конкурс өткізді.

Абай ғылыми-зертеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Гуляра Нұрғожинаның ұйымдастыруымен өткен бұл шараның мақсаты  — студенттерді қазақ ойшылы, композитор, ағартушы, қайраткер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақынның шығармашылығымен жан жақты таныстыру, шетелдік студенттердің бұл бағыттағы таным көкжиегін кеңейту. Конкурс «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Көңілім әнді ұғады», «Білімдіден шыққан сөз», «Поэзия жанашыры», әлеуметтік желідегі «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша өтті.  Науаи қаласының педогогикалық институтының студенттері Абай шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін жатқа айтып, мазмұнын талдаудан жарысты. Шараға белсене қатысып, Абай шығармашылығына қатысты ой-пікірлерімен бөліскен жастардың өнері  қазылар алқасын тәнті қылды. Абайдың қара сөздері, өлеңдері мен әндері бірнеше тілде орындалды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Балнұр Тұрсынова, екінші орынды Нұрсипат Тұрдыбекова мен Перизат Нартай, үшінші орынды Шалқар Жақсылықов пен Ақмарал Қыдырбаевалар иеленді.

Абай Құнанбаев шығармашылығын шетелдегі қандастар арасында насихаттау, таныту бағытында халықаралық деңгейде атқарылған бұл игілікті шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

Л.Мұсалы, С.Көкенов

«Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары жалғасуда

«Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары жалғасуда

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында орта мектептер мен гимназиялар мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинары онлайн формада өтті.

Семинарға республиканың түкпір-түкпірінен орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті және  абайтану пәндерінің мұғалімдері қатысты. Тыңдаушыларға филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ләйла Мұсалы дәріс оқыды және Абай ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкерлері, жас абайтанушылар Абай шығармашылығы бойынша өз зерттеулері бойынша презентация ұсынды. Абай ҒЗИ-дің вебсайтының құрылымы таныстырылып, қатысушыларға абайтану бойынша қосымша ақпараттық-танымдық материалдардың электронды нұсқалары берілді. Абай ҒЗИ құрастырған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» жинақтарының қысқаша мазмұны хабарланды. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары бойынша  абайтану пәнін оқытудың кейбір әдістемелік мәселелері ұстаздармен бірге талқыланды. Сондай-ақ, Абай ҒЗИ сайтындағы жаңалықтар, электронды кітапхана, Абай өлеңдеріне бойынша аудио-видеожазбалар көрсетілді.   Толығырақ »

Ақжан Машановтың «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» атты кітабы қайта жарық көрді

Ақжан Машановтың «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» атты кітабы қайта жарық көрді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұсынған көрнекті ғалым Ақжан Машановтың «Әл-Фараби және Абай» атты зерттеу еңбегі «Қазақ университеті» баспасынан, «Абай институтының еңбектері» сериясымен жарық көрді.  Кітаптың алғысөзін жазған ‒  ҚазҰУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик  Ғ.Мұтанов, жалпы редакциясын басқарған ‒ филология ғылымдарының профессоры  Ж.Дәдебаев.

Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің 1025 жылдығы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  қайта жарық көрген бұл еңбекте автор  қос данышпанның рухани байланысын, даналықтарының түпкі негізін, ілімдерінің әлеуметтік маңызын ашып көрсетеді. Ақжан Машанов фарабитану ғылымының негізін салушылардың бірі. Фарабидің еңбектерін түпнұсқада оқу үшін жасы алпыстан асқанда араб тілін меңгеріп, оның математика, музыка, алхимия, астрономия, жаратылыстану туралы зерттеулері мен пайымдарын ақтарады.

Толығырақ »